Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыркүйек айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін фильмдер

Фильмді үйде ғана емес, көпшілікпен қатар отырып көргенді ұнататын жандарға Stan.kz қыркүйек айында қазақстандық кинотеатрлардан көрсетілетін ең үздік туындылар тізімін ұсынады.

tcgId0Qai2GFIGaaPSD58xmkssY0Ob

Жер бетінде қанша адам болса, сонша түрлі мінез, соншалықты талғам бар. Бірі әдеби кітаптарды сүйіп, оларды жата жастана оқыса, енді бірі ұзын-сонар романның режиссерлер жан бітірген нұсқасын таңдайды. Соңғысын таңдаған көрерменге ағымдағы айдың ең үздік туындыларымен таныс болыңыздар.

“Барлығы жігіттер туралы”

Жанры: Комедия
Режиссері: Михаил Жерневский, Леонид Марголин
Рөлдерде: Дмитрий Нагиев, Анна Хилькевич, Игорь Верник, Сергей Белоголовцев, Грант Тохатян, Владимир Епифанцев
Мемлекеті: Ресей

Фильмде еркектердің әртүрлі бола білетіндігі көрсетіледі. Мұнымен қатар, олардың үнемі қиын жолды таңдап, мәселені шиеленістіріп жіберетіндіктері көрініс табады. Ал қыз-келіншектер болса, оларды осы қалпында жақсы көруді үйренеді. Басты рөлдердің бірі Дмитрий Нагиев сомдайды. Ол әдеттігдей көрерменді күлкіге қарық қылмақ.

maxresdefault (3)

“Луи Дракстың тоғызыншы өмірі”

Жанры: Триллер
Режиссері: Александр Ажа
Рөлдерде: Джейми Дорнан, Сара Гадон, Аарон Пол, Эйден Лонгуорт, Молли Паркер, Барбара Херши, Фиона Врум
Мемлекеті: АҚШ, Ұлыбритания, Канада

Танымал психолог Аллан Паскаль 9 жасар Луи Дракстың санасындағы құпияның сырын ашып көрмек болады. Күнделікті баланы емдеп жүріп, оның анасына ғашық болып қалады. Кейін Луидің басынан өткен қайғылы оқиғаға оның әкесін кінәлайды. Алайда ол тереңірек зерттеген сайын, басқа бір әлемге еніп кеткендей күй кешеді. Осылайша шындық пен ертегінің ара-жігін ажырата алмай дал болады.

x538

“Тоғыз өмір”

Жанры: Фэнтези
Режиссері: Барри Зонненфельд
Рөлдерде: Кевин Спейси, Дженнифер Гарнер, Робби Амелл, Шерил Хайнс, Марк Консуэлос, Малина Вайсман
Мемлекеті: Франция, Қытай

Миллиардер Том Брендтің ақшаға құнығып кеткені соншалық ол туған қызының туған күнін ұмытып кете береді. Бір күні ол қызының өтінішімен оған мысық сатып алуға барады. Бұдан кейін үйіне асығып бара жатып жол көлік апатына түседі. Есін жиған кезде жанының әлгі мысыққа барып қонғанын байқайды. Өзінің тәні ауруханада емделіп жатқан кезде, ол мысықтың күнін кешуге мәжбүр болады. Осылайша, отбасына көп көңіл бөліп, жақындарының қадірін түсінеді.

mila29082016-06

“Жаман аналар”

Жанры: Комедия
Режиссері: Джон Лукас, Скотт Мур
Рөлдерде: Мила Кунис, Кристен Белл, Кэтрин Хан, Джада Пинкетт, Уна Лоуренс
Мемлекеті: АҚШ

Мила аяулы ана, адал жар, тамаша үй шаруасындағы әйелдің рөлін сомдайды. Алайда ол кішкене ғана демалу туралы шешім қабылдаса болғаны, оқыс оқиғаларға тап болады. Бір күні ол мұндай тынымсыз тіршіліктен шаршап, барлық міндетін шетке ысырады. Үлгілі ананың рөлін сомдаудан бас тартып, көңіл көтерудің қалай болатындығын көрсетеді.

novyy-kollazh-10

“Кек қайтарушылардың тарихнамасы”

Жанры: Боевик
Режиссері:Кристиан Сесма
Рөлдерде: Джейсон Мьюз, Куинтон Джексон, Пол Слоун, Майкл Джей Уайт, Майкл Мэдсен
Мемлекеті: АҚШ

Джейсон Мьюз жұрттың үрейін алған жағымсыз кейіпкерді сомдайды. Ол жағымсыз кейіпкерлер туралы видео түсіретін болады. Кек қайтарушылар дұшпандарын түгелдей жеңген соң армян мафиясы мен мексикалық нашақорлар, халықаралық агенттер арасында ұрыс басталады. Әрқайсысы өзіндік барлау операциясын жүргізеді. Қазақстандық кинотетарларда 11 тамыздан бастап көрсетіледі.

20704806-889205

“Морган”

Жанры: Фантастика
Режиссері: Люк Скотт
Рөлдерде: Кейт Мара, Роуз Лесли, Дженнифер Джейсон Ли, Аня Тейлор-Джой, Пол Джаматти
Мемлекеті: АҚШ

Жол көлік апатын бағалаушы бойжеткен оқиға орнына аттанады. Өз жұмысын атқарып жүріп ол бұл апатқа есімі құпия болып келген адамның кінәлі екенін анықтайды. Әлгі адам өзінің тылсым күш иесі екенін байқатып, ғалымдардың үрейін тудырады. Көптеген зерттеулер жүргізіліп, Морганның шын мәнінде кім екені анықталады.

image

“Гудзондағы таңғажайып”

Жанры: Драма
Режиссері: Клинт Иствуд
Рөлдерде: Том Хэнкс, Анна Ган, Лора Линни, Аарон Зкхарт, Отем Ризер
Мемлекеті: АҚШ

2009 жылдың 15 қаңтарында болған оқиғаны жұрт “Гудзондағы таңғажайып” деп атайтын болған. Бұл күні 1549 рейстің капитаны Чесли Салленбергер А320 жолаушылар ұшағын апаттан аман алып қалады. Ол ұшақты Нью-Йорктегі Гудзон көліне қондырып, 155 адамның өмірін сақтап қалады. Алайда биліктегілер бұл оқиғада бір шикіліктің барын біліп, Саллиді қамауға алады. Енді ол осы күнге дейін жиған абыройынан айырылып қалуы мүмкін.

maxresdefault (2)

“Бриджит Джонс 3”
Жанры: Мелодрама
Режиссері: Шэрон Магуайр
Рөлдерде: Рене Зеллвегер, Колин Ферт, Патрик Демпси, Джим Бродбент, Селия Имран
Мемлекеті: АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Ирландия

Бриджит Джонстың тасы өрге домалап, мансабы ілгерілейді. Мұнымен қатар, Лондонның қақ ортасындағы пәтерге қол жеткізеді. Мұның барлығы оның еңбегінің арқасы деп айту қиын. Десе де, дәл қазір ол ыңғайыссыз жағдайға қалып отыр. Ол ішіндегі сәбиінің әкесі кім екенін білмейді.

IT-kadr-2

“Жасанды сана. Шексіздік”

Жанры: Триллер
Режиссері: Джон Мур
Рөлдерде: Джеймс Фрешвилл
Мемлекеті: АҚШ, Франция, Ирландия

Майк Риганда барлығы бар: адал жар, сұлу қыз, зәулім үй. Мұнымен қатар, оның компаниясы бүкіл әлемнің бизнесін өзгертетін жаңалықпен бөліспек. Алайда жас маман Эд Портер оған жұмысын ілгерілетуге кедергі жасайды.

maxresdefault (1)

“Сақтандыру арқылы келген жастық шақ”

Жанры: Боевик
Режиссер: Энди Теннант
Рөлдерде: Деми Мур, Джессика Лэнг, Ширли Мак Лейн, Джад Херш
Мемлкеті: АҚШ

Эва күтпеген жерден сақтандыру компаниясынан 50 мың доллардың орнына 5 миллион алады. Құрбысы екеуі қызметкерлердің бұл олқылығы туралы айтпауды жөн көреді. Артынша екеуі Канар аралдарына бірінші класспен ұшып барып, президенттік люкске тапсырыс береді. Ақшаны оңды-солды шашып, сымбатты жігіттермен танысады. Артынша олардың ақшаны қайдан алғандығы әшкереленіп, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

1807161258021

“Махаббат пен пингвиндер”

Жанры: Фантастика
Режиссері: Мари Мадинье
Рөлдерде: Гийом Кане, Шарлотта Ле Бон, Ксавье Бовуа, Дэмиен Шапель
Мемлекеті: Франция

Зертхана қызметкері Кристофи өзінің профессор жетекшісі Куинер есімді азаматқа ессіз ғашық болады. Осылайша ол өзінің тәнімен тәжірибе жүргізуге келісімін береді. Ал бұл әрекеті оған Куинермен жақындасуға септігін тигізе ме?


Жіберіп алмаңыз:

Қайрат Нұртас өмірі туралы фильм түсіріп, көптен жасырған құпиясын ашпақ

Астанада “Барлығы жігіттер үшін” фильмінің түсірілім жұмыстары басталды (фото, видео)

“Келін” фильміне түскен қыз: Бәріне кінәлі – өнерге ғашықтығым

“Желіде” фильмінде Мәдиев пен Әзімбаеваның қатысуымен төсек қатынасы көрсетілмек

“Гламур для дур” фильмін түсіру кезінде Ақбарова режиссермен ұрысып қалды

Талқылау