“Келін” фильміне түскен қыз: Бәріне кінәлі – өнерге ғашықтығым

Бейсенбі, 14 Шілде , 2016 11:11

Актриса Гүлшарат Жұбаеваны көпшілік «Келін» фильмі арқылы біледі. «Келінде» келін рөлін сомдағаннан кейін аздап көрерменге жақпай қалғаны бар. Бірақ Гүлшарат одан кейін де тәрбие мен тағылымға толы «Қарашаңырақ», «Әке серті», «Сіз кімсіз, Ка мырза?» секілді кинотуындыларға түскен. Ол «Келін» фильмін өзіне берілген мүмкіндік деп бағалады. Бүгінде ата-енесімен бірге тұрып жатқан Гүлшарат болашақ келіндерге ақыл айтты.

1uihCpwRT07Jc4IlLGJ5sHeP36f6li

Фото: brod.kz

Бұл туралы Zamana.kz хабарлайды.

Өзбекстанның Нүкіс қаласында 1985 жылы дүниеге келген. Отбасындағы жеті ағайындының төртеуі қайтыс болған. Әкесі тарих пәнінің мұғалімі, ал анасы – агроном. Отбасымен 2001 жылы Атырау қаласына көшіп келген. Алдымен музыкалық училищеде би өнері бойынша білім алып, кейін заңгер мамандығы бойынша оқыған. Жүрегі өнерді қаласа да, ата-анасы түбегейлі қарсы болған. Заңгер мамандығы бойынша жұмысқа тұрғызып та көрген. Көп ұзамай шығып кеткен. Атырауда театрда жұмыс істеп жүргенінде Талғат Теменовтен Ғабит Мүсірепов атындағы жастар театрына шақыртқан.

– Сіздің кино әлеміндегі тұсауы­ңызды «Келін» фильмі кесті ме?

– Солай. Негізі «Келінді» көрген әрбір көрерменде маған деген біртүрлі көзқарас қалыптасқан. Өйткені қазақта бұрын-соңды мұндай фильм болмаған ғой. Бәріне кінәлі – өнерге ғашықтығым. Кішкентайымнан би биледім, спортқа қатысып, таэквандодан қара белбеу иесі (бірінші дан) атандым, суретші де бола жаздадым. Бірақ киноға түсу менің басты арманым еді. Мендегі бір «шанс» «Келін» фильмі болды. Алғашында-ақ режиссер маған: «Кейіпкеріңнің жалаңаштанатын жерлері бар», – деді. Адамға анасынан артық жан жоқ қой, анаммен ақылдастым. «Қызым, өзің біл. Әкеңнің рұқсатын ал», – деді ол кісі. Ал әкем: «Қызым, егер жүрегің шын өнер деп соғып тұрса, бетіңнен қақпайын. Ішің жалаңаштанбаса болғаны да», – деді.

– Қазір бір үйдің түтінін түтетіп отырған келін, аяулы ана, адал жар екеніңізді білеміз. Одан бөлек, әлеуметтік желілер арқылы әртүрлі қолөнер бұйымдарын, қазақы нақыштағы тұрмыстық заттарды тігетін өнеріңіз бар екен…

– Иә, менің анам – тігінші. Өзінің 40 тігіншісі бар кәсіпорны болатын, әлі де тігістен қол үзген жоқ. Іс тігу өнерін кішкентай күнімнен анамның қасында жүріп үйрендім. Қазір менің екінші жұмысым – тігіншілік. «Шабыт» деп аталатын шағын мекемеміз бар, оның құрамына тігін цехы, елу адамнан құралған би ансамблі кіреді. Яғни бишілеріміздің сахналық киімдерін, басқа да сырттан келетін тапсырыстарды тігумен айналысамыз. Былтырғы жылдың жетістігі десем де болады, өзіміз құрылыс жұмыстарын жүргізіп, би мектебін, үлкен тігін цехын аштық. Қазір сол би мектебімізге кішкентай балалар қабылдап, оларды тәрбиелеп жатырмыз.

– Осы ретте әртіс боламын дейтін іні-сіңлілеріңізге қандай кеңес берер едіңіз? Жалпы, балам әртіс болса деп жүрген ата-аналар алдымен қайда баруы керек?

– Расында да осы сұраққа жауап таба алмай жүрген жандар көп. Мен ондай кісілерге мынаны айтамын: Баланы ешуақытта шектемеңіз. Спортпен айналысқысы келді ме, бетінен қақпаңыз, үйірмеге қатыстырыңыз. Билегісі келді ме, бишілерден дәріс алсын. Ән де айтсын. Яғни балаға «Сен мына саланың ғана маманы боласың!» деп талап қоймаңыз. Уақыт өте келе бала қандай саланы қалайтынын өзі шешеді. Мәселен, мені ата-анам ештеңеден шектеген жоқ. Жаңа айтып өткенімдей, спортпен де айналыстым, ат спортынан да хабарым бар, биден дәріс алдым, заңгерлікті бітірдім, кино саласында еңбек етіп жатырмын, тігіншілігім тағы бар. Яғни баланың бойында бір емес, бірнеше өнер болғаны дұрыс.

– Осының бәріне қалай үлгересіз? Жасыратыны жоқ, жұмысы мен үй шаруасын қатар алып жүре алмайтын әйелдер бар арамызда. Солар­ға өз құпияңызбен бөлісесіз бе?

– Мен ата-енеммен бірге тұрамын. Сондықтан отбасымның береке-бірлігі, шаңырақтың тазалығы, жайлылығы – менің мойнымда. Кешке дейін жұмыстармен жүрсем де, үйге келген соң бар шаруаны өзім істеймін. Күйеуімнің, балаларымның ертеңгі күнге киетін киімдерін дайындап, үйдің ішін жинап, таңертеңгі дастарханға қоятын тәттілерді пісіріп барып ұйықтаймын. Жалпы, менің түсінігімде, әйел деген осындай болуы керек. Жұмыс істеймін деп шештіңіз бе, онда бәріне үлгеруге міндеттісіз.

Жап-жас болып ақыл айтты демессіздер, тағы бірер кеңес берсем деймін. Отбасы бақыты – әйелдің қолында. Барды ұқсатып жаратса, жоққа сабырлықпен қараса бәрі жақсы болады. Қандай жағдай болмасын, ашуланбаңыз. Бәріне түсіністікпен қараңыз. «Анау жоқ, мынау жоқ» деп күйеуіңіздің миын ашыта бермеңіз. Сізге деген сезімі суып кетуі мүмкін.

– Соңғы сұрақ болсын, түр-сымбатыңызға қандай да бір ерекше күтім жасайсыз ба?

– Диета ұстамаймын. Артық салмақ қоспауымның сыры – күнделікті бимен айналысып отырамын. Айтпақшы, әйелдерге де осындай кеңес беремін. Күн сайын билеңіздер, арықтаудың ең қарапайым тәсілі – осы. Сән салондарына да жиі барамын деп айта алмаймын. Бетіме, шашыма үйде, қолда бар заттарды пайдалана отырып күтім жасаймын.

Сұхбаттасқан: А. Қасым


Жіберіп алмаңыз:

Тоңазытқыш көтерген келін туралы қазақстандық видео шетелдік басылымдарды шулатты

Қарақат Әбілдина қыз-келіншектерді үнемі орамал тағып жүруге шақырды

“Келін” телехикаясының жұлдызы Қоянбаевтың фильміне түсіп жатыр

Қабатовтың келіншегі күй тартып жұртты тамсандырды (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

2
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар