Қарақат Әбілдина қыз-келіншектерді үнемі орамал тағып жүруге шақырды

Дүйсенбі, 27 Маусым , 2016 11:09

Әнші Қарақат Әбілдина Қазақстанның қыз-келіншектерін әрдайым орамал тағып жүруге шақырды.

1

Фото: instagram.com/karakat_a/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда Әбілдинаның ұлдарын мешітке апарып, имандылыққа тәрбиелеп жүргені туралы айтқан болатынбыз. Енді міне әнші қыз-келіншектерді үнемі орамал тағып жүруге шақырды.

“Қасиетті Рамазан айында Ораза ұстап, біраз тәубемізге келіп жақсы болып қаламыз. Өз басым нешетүрлі қылып орамал тағынған қыз-келіншектерді көргенде сүйсінемін.

Жайшылықта неге осылай жүрмейді екенбіз деген ой келді. Әттең… Бұйырса, оған да келерміз. Иншалла, ең бастысы, ниетіміз түзу болсын! Баршаңызға Иман байлығын тілеймін!” – дейді Қарақат Әбілдина.

Әншінің бұл жазбасын оқыған желі қолданушылары оны қоштай түсті.

“Қандай әдемісіз?! Машаллах, ниетіңіз қабыл болсын”, “Әйел адамның басында әрдайым орамал болуы керек. Арабтар ғана емес, әжілеріміз де орамал таққан”, “Өте дұрыс айтасыз!” сынды пікірлер білдірген.

Мұнымен қатар, арасында әншінің қартайғанын айтып, бұл “үгіт-насихатының” орынсыз екенін тілге тиек еткендер де табылды. “Соны айтамын, неге жайшылықта тағып жүрмеске?! Барлық әншіміз Рамазан айында иманды болып орамал тағып қалады. Ертең Рамазан айы біткен соң бәрі лақтырады орамалдарын” дейді тыңдармандарының бірі.


Жіберіп алмаңыздар:

Қарақат Әбілдина ұлдарын мешітке апарып, имандылыққа тәрбиелеп жүр

Қарақат Әбілдина: Мен маймыл емеспін, табиғи болмысым осындай

Қыдырәліге ерекше сый жасағысы келген Қарақат жұрт алдында тоқал алып беруге уәде етті

Қарақаттың тыңдарманы естелік үшін оның бір уыс шашын жұлып алған

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

7
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    оздери биринши улги корсетсин, ылги орамал тагып, коремиз сахнада солай журе алама екен кунде

  • Анонимно says:

    сіздерге жарасып тур,орамал жараспайтын адамдар да бар

  • Анонимно says:

    Орамалды басқа бір тартып, бір шешіп тастап жүре беретін -сəнге тағатын киім емес! Қарақат ханым сахнаға шықса да орамалмен шықсын онда!

  • Анонимно says:

    Сырттан гөрі ішке мән берген дұрыс

  • Анонимно says:

    Дұрыс мен қосылам ,өз басым орамалсыз жүрмеймін,тойғада тартып барам,жұмысқада,үйдеде тастамаймын.

  • Анонимно says:

    Каракат акылына коркi сай Казактын бетке устар сулу келiншегi

  • Анонимно says:

    МИНЕ КЕРЕМЕТ…

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар