Қарақат Әбілдина: Мен маймыл емеспін, табиғи болмысым осындай

Жұма, 25 Наурыз , 2016 13:42

Қазақтың киелі домбырасын асынып, талай қызға үлгі болған Қарақат Әбілдина Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында жұлдыз ауруына шалдыққан әншілер туралы пікірін білдіріп, соңғы жаңалықтарымен бөлісті.

image

Күні кеше отандық бағдарламалардың бірінде Ерболат Құдайбергенұлы, Мақпал Исабекова сынды әншілер журналистерге “зекіп” сөйлеп, өздерінің жұлдыз ауруына шалдыққанын білдірген-ді. Әншілердің бірі мұны теріс көрсе, енді бірі әр танымал адамның басында болатын кезең екенін айтып жатыр. Ал өнер жолында бірқалыпты жолмен жүріп келе жатқан Қарақат Әбілдина мұның заңдылық екенін айтады.

“Қыдекең айтпақшы, бір-екі адамғы қолтаңба беріп, суретке түскеннен кейін әншілер өзгере бастайды. Осыған орай, бір мысал келтірсем. Қыдекең өзі жасап шығарған жобаларына анализ жүргізіп отырып, Нұржан Қалжан есімді азаматты есіне алды. Әлгі жігіт – ауылдан келген қарапайым, жағдайы жоқ отбасының тумасы. “Аға” деп Қыдырға көмек сұрап келді. Жолдасым бейнебаянын да түсірді, альбомын да шығарды, үлкен сахнаға жетелеп өзінің продюсерлік міндетін атқарды. Нұржан Қалжанды халыққа таныстырды. Шамалы уақыттан кейін “Бұлбұл құсым” атты әні хитке айналып, барлығы продюсердің жоспары бойынша тамаша жүріп жатты. Күндер өте келе Нұржанның әртүрлі жерде еш ескертпестен өнер көрсетіп, қара нәсілді азаматтармен бейнебаян түсіріп жатқанын да естідік. Оның бұл әрекетін, әрине, продюсер түсінбеді. Артынша Нұржан Қалжанның өзі “Аға менің де сіз секілді Қыдырәлі Болманов болатын кезім келді ғой. Сіздің осы қолдауыңыз мен көмегіңіз жетеді. Ары қарай өзім жылжимын” деді. Күні кеше ғана көмек сұрап келген бала аз уақыт ішінде қатты өзгерген”, – деп кей жастың жұлдыз ауруына шалдыққанда дұрыс амандаса бермейтінін айтты.

2

14510-1

Мұнымен қатар, әнші Әбілдина “Мен ешуақытта халық “уау” деп таңқалатындай асқақтап, жұрт назарына қатты іліккен емеспін. Алғаш сахнаға шыққан сәтімнен бері қарай бірқалыпты келе жатырмын. Өнердегі дамуым да, аяқ алысым да күтпеген жерден өзгерген емес. Барлығы да ретімен жүзеге асып жатыр”, – деп мұның барлығының продюсердің арқасында екенін жасырмады.

“Продюсердің жасап отырған еңбегінің, барлық стратегиясының арқасында өз жолыммен сатылап келе жатқан әншілердің қатарындамын. Сырт көз сыншы демекші, барлығы тайға таңба басқандай көрініп тұрады”, – деп ешуақытта жұлдыз ауруына шалдықпағанын жеткізді.

8525

ojhSZLKmqEY

Әншінің көп сұхбатында адам менсінбей, өркөкіректеніп жүретіні туралы айтылады. Бұл жайлы өзінің пікірін сұрағанымызда “Қарақаттың тәкаппарлығы бар деп жазып жатады. Әр адамның табиғи болмысы болады, мен маймыл емеспін ғой. Халықтың алдында қандай болсам, ішкі дүние дәл сондай. Көзқарасымда Алла жаратқан салқындық бар екені рас. Ол табиғи нәрсе, мен оны қолдан жасап алмаймын. Әркімнің көңілінен шығуға тырысатын уақыт жоқ менде. Мен шынайы болмысымды жоғалтпауға барымды саламын”, – деп жасандылықты ұнатпайтынын айтты.

Жігіт қауымы әншіге студент кезінде жүзінің аз салқындығы бар екенін айтып, қарамауды өтінетін кездері де болған екен. Көптің тарапынан түрлі пікір айтылса да, Қарақат Әбілдина өзін тәкаппар адамдардың қатарына жатқызбайды.

25

rna

“Өзім ашық, сыйласқанның құлы бола білетін, береген қолым алаған жанмын.  Мені жақсы танитын достарым ортамыздың гүлі екенімді айтады. Тіпті мен болмаған жерде думан-той жоқ, сенің орның білініп тұрады дейді. Әрине, сырт келбетімнің салқындығы бар екенін жасырмаймын. Ешкіммен бет жыртысып, жанжалдасып жатқаным да жоқ. Қыз баласының жарқырай бергенінен, салмақтылау болғаны артық. Өнер жолында қатты күле берсеңде, көп қиындыққа кез боласың. Қыз балаға етек-жеңін жиып жүрген жарасады. Менің артымнан сөз ермейтіндігі салмақтылығымның арқасында болар. Ауылдағы кісімен ауылша, қаладағы кісімен қалаша тіл табысып, шақырған жерден қалмайтын, шақырмаған жерге бармауды жөн көретін қазақтардың бірімін”, – дейді әнші.

96

Әнші өзін салмақты санағанымен көпшіліктің олай ойламайтыны белгілі болды. Себебі  біраз уақыт бұрын әншінің өзіне Иманғали Тасмағамбетовпен қандай байланысы бары жайлы сұрақ қойылған еді. Әрі бұл жайлы Қарақат Әбілдинаның жауабы көпшілікке өте қызық болған сыңайлы. Өйткені желі қолданушылары  айтылған жауапқа қатысты түрлі пікірлерін айтып, үлкен талқыға салған еді.

Әнші жақын күндердің бірінде мектеп ашып, сәуір айының аяғында Нью-Йорк, Германия, Түркия сынды қала мен мемлекеттерге турнеге аттанғалы отыр.

Естеріңізге сала кетсек, Қарақат Әбілдина Мәжілістің шыға салып ән айтып, кете беретін сахна еместігін айтқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Сұхбаттасқан: Қарлыға Бүйенбай

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

14
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Каракаттың өңі суық деп айта алмаймын, жылы жүзді, үнемі жадырап, жарқырап жұреді. Молодец Қаракат.

  • Жұмбақ жан says:

    Қыдыралімен бірге Жезказғанда бір институтта оқыдық ол 3 курста Алматыға оқуға ауысты сонд ақ беделі жоғары өнерге өте жақын болды сыртынан қолдап жүретінбіз Қарақаттай келін бодғанына өте қуандық жақсы азаматтар жүрген жерде мақтанып айтамыз мақтауға тұратын жандар өнерлері шыңдай берсін осы кісілерге еліктеп жүрген жастар көп осы кісілердей болып алсын бір мін жоқ айтатындай не айтарын білмейді осы біздің адамдар Қарақат туралы айтқан адам өзі дұрвс емес

  • Жұмбақ жан says:

    Қызым сені маймылға ұқсатқан адамның өзі маймыл шығар. Қазактың анасы казақтын келини. Қелини сендей ак болсын

  • Жұмбақ жан says:

    осы ел мадинетин котерип ерен енбек етип журген жандарда неге тагдырларын талкылап ел алдында сактарын сындыруга дайын туратын адамдарга тиым болмадау оданда амандыгын тилеп журу керек шыгар осы жулдызды жан уианын жасаган енбегинне ризашылык етсек

    • Жұмбақ жан says:

      Нұржанның бір-екі рет эфирге шыққан соң ешкімді танымай қалғаны өтірік емес. Біз барлығымыз Түркістандағы университетте оқыдық. Жақсы дос болдық. Бірақ, кейін
      Алматыда кездесіп амандасқанымызда Нұржан дұрыстап амандасуға да жарамады. Қыдыралі Нұржанды жақсы жұлдыз қылатын еді. Өз жұлдызын өз жақсы қайда жүр қазыр?

  • Зейнегул Жакып says:

    Нуржан кандай жигит болсада, Каракаттын биреудин артынан гайбат соз айтпауы керек.Бул жерде озин мактап, озгелерди даттаганы артыктау болды.

  • Жұмбақ жан says:

    Макала жаман емес. Тек… Береген колым алаган емес, алаган колым ьереген деп колданса куба-куп болар еди

  • Жұмбақ жан says:

    Негізінен Қарақат пен Қыдыралы дуеті маған өте ұнайды. Өздерін сахнада ұстауы да. Қарақат қазақтың ұлттық ою-өрнегі бар костюмдерін де насихаттап жүр емес па? Қыз Жібек ролінде ойнаған Меруерт апамызға қатты ұқсатамын. Артық ауыс қимылын да көрмегенбіз

  • Жұмбақ жан says:

    Сарыагаш каласында откен Наурызга 5-6 жыл бурын катысты , қарапайымдылыгымен ұнады . Казир өзгере койган жок деп ойлаймын

  • Жәке Жиенбет says:

    Нұржан Қалжанды аз уақыттың ішінде қатты өзгерді , жұлдыз ауруына шалдығып адамдармен амандаса алмай қалды дегені дұрыс болмады . Нұржан бір ауылда бірге өскен ініміз елгезек жақсы жігіт “бұлбұл құсым “әні хит боп дүркіреп тұрғанда да еш өзгерген емес , ауылдың әр баласы дәл осылай айтады , ауылдан Алматыға барған әр жігіт үлкеніде кішісіде Нұржан күтіп алды , қыдыртып , шығарып салды деп риза боп келетін , сол баяғы Нұржан еш кісілік жоқ , еш өзгермеген дейтін . Ал Қыдырәлі Болман мырзамен араларында не болғанын білмеймін , басы қасында болғам жоқ .

  • Жұмбақ жан says:

    Нұржан Қалжанды аз уақыттың ішінде қатты өзгерді , жұлдыз ауруына шалдығып адамдармен амандаса алмай қалды дегені дұрыс болмады . Нұржан бір ауылда бірге өскен ініміз елгезек жақсы жігіт “бұлбұл құсым “әні хит боп дүркіреп тұрғанда да еш өзгерген емес , ауылдың әр баласы дәл осылай айтады , ауылдан Алматыға барған әр жігіт үлкеніде кішісіде Нұржан күтіп алды , қыдыртып , шығарып салды деп риза боп келетін , сол баяғы Нұржан еш кісілік жоқ , еш өзгермеген дейтін . Ал Қыдырәлі Болман мырзамен араларында не болғанын білмеймін , басы қасында болғам жоқ .

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
21.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар