Қарақат Әбілдина Тасмағамбетовпен қандай қарым-қатынаста екенін айтты

Сенбі, 19 Желтоқсан , 2015 16:07

Әнші өзін Иманғали Тасмағамбетовпен байланыстырып, артынан қауесет таратқандарға  өз жауабын берді.

 karakat-abildina-620x330

Басқа да көптеген қаңқу сөздердің ақ-қарасын әнші  arhar.kz  сайтына берген сұхбатында  түсіндірген.

«Мен Қыдекеңнің азаматтығын, алтын басын сыйлаймын, төрт перзентімізді де Алланың қалауымен Рамазан айында дүниеге әкелдім. Құт-берекесі жарасқан шаңырақтың отанасымын, сүйеу болар азаматым, құлыншақтарым бар. Менен мін іздеп, өмірімде кездесіп, бірауыз тілдесіп көрмеген адамдар «Қарақат тәкаппар екен» деп жазғанда жағамды ұстаймын. Иә, менің түрім сондай суық көрінеді, бірақ мен оған кінәлі емеспін ғой, – дейді Қарақат Әбілдина.

Бұдан әрі ол Инстаграмға салған суреттерінің астында өзіне түк қатысы жоқ, танымайтын адамдардың оның жеке басына жала жабатын түрлі қауесет сөздердің ашуына тигенін, тіпті олардың бірі әншіні «тойымызға келіп, әпкем мен жездемнің отбасын ойран етіп кетті» деген өсек сөз жазғанын, әнші бұған төзіп тұра алмай, ар-намысының тапталғанына күйініп, мәселенің мәніне жеткізу үшін сол қауесетті жазған қыздың телефонын тауып хабарласқанын екен.

Ал ол қыз «Мен жай… сізді сондай деп естігенмін…» – деп күмілжігеннен әріге бара алмағанын айтты.

«Бұл келіншек күйеуінің несиеге алып берген телефонымен инстаграмға тіркеліп, ойына келгенін жазып жүрген. Ал күйеуі ауылда мал бағады екен, ештеңеден хабары жоқ. Бар мән-жайды білген соң, төртінші перзентін босанайын деп отырған әйелін таяқтың астына алыпты. Содан әлгі келіншек «Толғағым келіп, перзентханаға кетіп бара жатырмын. Сіз туралы ғайбат айтсам, кешірім сұраймын. Мені кешіріңізші» деп жазып жіберіпті» – деді әнші аталған сұхбатта.

Сонымен қатар бір кездері өзін Тасмағамбетовпен де байланыс­тырғандар болғанын, ал өзінің бұл кісімен тіпті «өмірінде бетіне тіке қарап отырып әңгімелесіп көрмегендігін» де атап өтті.

  “Ол кісінің алдында сахнада ән айтып жүрмін. Бар көргенім сол.Кезінде Қыдекең Иманғали ­Тасмағамбетовтің тікелей қол астында жұмыс істеді. Саясаткер ретінде оны қатты үлгі тұтты. «Тасмағамбетовтің мектебінен өткенмін. Ол кісіден көп нәрсе үйрендім», – деп мақтанышпен әлі күнге айтады. Иманғали аға – тұлға, ел жүгін арқалаған азамат, өзінің үлгілі отбасы бар. Сондай азаматты маған телу арқылы Қыдекеңнің намысына тиіп, мұқатуды көздеген біреулер бар. Мұны Қыдекеңе тасада тұрып тас лақтырғандардың ісі деп ұғамын”,-деді Қарақат.

“«Ит үреді, керуен көшеді», біз отбасымызда мұндай жалған сөздерді талқылап, бас қатырмаймыз. Қорғаным Қыдырәлі менің адалдығыма сенеді» “,- деген әнші, өзін біреулер мақтағаннан асқақтап, жамандағаннан жаман адам болып кетпейтіндігін айтты.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

14
Комментариев
  • Күнсұлу says:

    Өте дұрыс айтылған пікір, ешкімнің əңгімеден елемеу керек, оны елесең құр босқа өзің ауру боласың, бəле іздеген адам бəлеге жолығады деген мақалды қатты ұстанамын. Қарақаттың өте ақылды, адал екені айтпай ақ көрініп тұр ғой.

    • Anonymous says:

      Дұрыс айтасыз мен сізді өте жақсы көремін Каракат

  • Анонимно says:

    Маған да біреу алып беріңізші , əйеліме айтсам кетші бар деп қояды

  • Анонимно says:

    Каракат кудекене токал алып берем дегениниз кате Болды

  • Досжан says:

    Оте керемет жазып Каракат оте акылды киси

  • Жұмбақ жан says:

    Ой ,ондай қаңқу сөздерді қайтесіз айтатын адам айта берсін үйде отырып алып бəрі əлəмат.Біреуді ғайбаттау ең жаман күнə екенін білсе ғой шіркін!

  • Жанат says:

    Еркек екі әйелдің жағдайын жасап балаларын бөріп жармай бірдей қарай алатын жағдайы болса неге алып бермеске қазақтың санын көбейтпеске.не бір есіл болып баланы туғызып тастап асыра алмайтын еркектерденден туылғанша неге сондай еркектерден ұрпағымыз көбеймеске

  • Жұмбақ жан says:

    Казактын бари бабаларынан токалдан калгандар емеспа .бари брдеи текти бола калган

  • Ұлтжанды says:

    Тоқал алып берсе несі бар, бұрынғы əжелеріміз атамызға өзі таңдап текті жердің қыздарын алып берген. Оларда бір əулетті ауызына қаратқан АНАлар болған. Мен Қарақаттың бұнысын дұрыс санаймын. Қыдырəлінің ұрпағы көбейсе жаман ба əрі елімізде кəрі қыздардың саны кемір еді. Несі бар жағдайы жетіп жатса осындай отбасылар көбейсін. Қазақтың саны да артады сапасы да жоғарлайды. Қазір əйелдер 4 баладан асыра алмайды. Көше кезіп жаман жолда жүрген қаракөздеріміздің де көбейіп кетті, міне осылар азаяр еді.

  • Жұмбақ жан says:

    Оте дурыс айтасыз Каракатсызге ризамын

  • Жұмбақ жан says:

    Бүреуді ангіме қылғаннан не пайда,АЛЛА берген өз өмірлерін тыныш қана сүрмейді екен осы адамдар

1 2

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар