Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Келін” телехикаясының жұлдызы Қоянбаевтың фильміне түсіп жатыр

“Келін” телехикаясында басты рөлдердің бірін сомдайтын үндістандық актер Сиддхартх Шукла (Шив) қазақтандық “Қазақша бизнес” фильміне түсіп жатыр. Аталған туынды ағымдағы жылдың күз айында көрерменге жол тартпақ.

2

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Өз елінде кеңінен танылған актер Сиддхартх Шукла осы уақытқа дейін “Түнгі студия” бағдарламасында қонақта болған-ды. Осылайша “Келін” фиьмінің көрермендері сүйікті актерлерімен қауышып, оған қалаған сұрақтарын қойған болатын. Енді міне қазақстандықтар сүйікті үндістандық актерін жаңа фильмнен көре алады.

Актер жақын күндердің бірінде Алматы қаласына түсірілім алаңына келеді. Ол бой көрсететін фильмнің продюсері әрі авторы – елімізге танымал тележүргізуші, әзілқой Нұрлан Қоянбаев. Режиссерлердің сөзіне сенсек, Сиддхартх Шукла аталған туындыда басты рөлдердің бірін сомдайды.

13249792_496915987178701_1137098100_n

13116746_1080068305401628_1739214591_n

13116594_1701548333439021_1780871524_n

Фильмнің режиссері – клипмейкер әрі музыкашы Жеңісхан Момышев. Ал сценарийін жазғандар – Нұрлан Қоянбаев, Әлішер Өтешов және Арыстан Каунев.

#бизнеспоказахски

Видео опубликовано Nurlan Koyanbayev (@nurlankoyanbayev)

2016 жылдың күз айында көрерменге жол тартатын туындыда Гүлназ Жоланова, Әбунасыр Серіков, Жан Байжанбаев, Құралай Әнуарбекова сынды танымал актерлер бой көрсетпек.


Жіберіп алмаңыз:

Анандидің рөлін сомдаған актриса қайтыс болды

Қазақтың телехикаяларында бой көрсеткен ең сымбатты әрі сұлу 10 актрисасы

Белгілі түрік актері Кенан Имирзалыоғлы үйленді (фото)

2015 жылы түсірілген қазақстандық ең үздік телехикаялар

Талқылау