2015 жылы түсірілген қазақстандық ең үздік телехикаялар

Бейсенбі, 3 Наурыз , 2016 17:31

Түрік телехикаяларына байланысты айтылған сыннан кейін қазақстандық арналар бірден отандық өнімдерге ден қойды. Үнді фильмдері телеарналар экранын жауламай тұрып Қазақстан халқы  өзімізде түсірілген киноларды тамашалау мүмкіндігін алған еді. Әрине мұның да ғұмыры ұзаққа созылған жоқ. Көптеген арналар бағасы арзан үнді сериялдарын таратуға көшті.

753

Көпшілік көңілінен шыққан отандық телехикаялардың үздіктерін анықтап, олар туралы мәліметті назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік.

Көршілер

Бұл телехикаяны қазақстандықтар асыға күткен болатын. Телехикая әрқайсымызда бар көршілердің өмірі туралы. Сюжет әнші Әнуар есімді жігіттің көпқабатты үйде жүріп, айғайлап ән салғанды жақсы көретіндігінен басталады.  Оның бұл әрекеті көршілері Ғалымовтар отбасына ұнамайды. Аталған отбасы әншіден құтылудың түрлі амалын іздесе де, жолдары болмайды. Басты рөлдерде – Гүлнар Байбосынова, Дархан Дайырбек, Жандарбек Садырбаев, Мәриям Думан, Сұлтан Сәруар, Мөлдір Қанатова, Юрий Копнов, Оксана Лоскутова, Төлепберген Байсақалов, Айнұр Ешманова, Айқын Төлепберген.

1f88dd31807ecf1f849907d2b4bda7be

Жаңа қоныс

Телехикаяның сюжеті ауылдан келіп, қалада пәтер жалдап тұратын қарапайым отбасының айналасында өрбиді. Мырзахановтар отбасы қалаға келіп, түрлі қиындыққа тап болады. Алайда ұйымшылдықтарының арқасында бір-біріне қолдау көрсетіп,  жеңіске жетіп отырады. Телехикаядан әрбір қазақ отбасындағы тіршілікті көруге болады. Басты рөлдерді Қуандық Шынжырханов, Бақыт Әліпбаева, Жұлдыз Маханова, Нұрсұлтан Жақсыгенов, Дастан Қалдыбаев, Саягүл Оразғалиева сомдайды.

17

“Игра на вылет”

Телехикая әкімшіліктің эксперимент ретінде жасөспірімдерден футбол командасын құру жобасы жайлы. Мұнымен қатар, телехикаяда Алматы қаласы балалар үйінің тәрбиешілерінің жасөспірімдерге қатынасы қандай екені көрсетілген. Басты қаһарман – мемлекеттік қызметтегі жігіт. Ал кішкене қаһармандардың басты мақсаты – жеңіске деген ұмтылысын көрсету.  Азиз Бейшеналиев, Жан Байжанбаев, Дмитрий Скирта, Гүлнар Досматова сынды актерлер мен актрисалар  ойнайды.

maxresdefault

Адасқандар

Физика-математика ғылымдарының докторы Талас Серкебаев уақыт порталдары теориясымен көптен бері айналысып келеді. Бір күні эксперимент жасау барысында әйгілі әнші Айдана мен оның көмекшілеріне кез болады. Сөйтіп байқаусызда барлығы 500 жыл артқа шегініп, әртүрлі оқиғаға тап болады. Басты рөлдерді Алтынай Жолдыбаева, Әли Марат, Олжас Әлжанов, Рысқұл Қонақбаев сомдайтын телехикая ситком жанрында түсірілген. Естеріңізге сала кетсек, басты рөлді сомдайтын Алтынай есімді ару Кәмшат Жолдыбаеваның туған сіңлісі.

31 арнаның продюсері Әсел Тоянова “Адасқандар телехикаясы – Қазақ хандығының  550 жылдығын тойлауға өзіндік қосқан үлесі. Бұл – фантастикалық телехикая. Өйткені біздің күндегі адамдар әнші мен продюсері уақыт порталы арқылы өтіп, бұрынғы заманға өтеді” деп ерекше туынды болатынын айтқан болатын.

NfPqcjaVUoI_aqiw

Ауылдастар

24 бөлімнен тұратын телехикая военкоматтан қашып, ауылда жасырынған Айбек есімді жігіттің өмірі туралы. Айбек қалада туып-өскендіктен ешуақытта ауыл өмірінің дәмін татпаған. Алайда әскерге барғысы келмегендіктен осылай жасауына тура келеді. Режиссерлер өз кезегінде қала баласының ауыл өміріне сіңісуін әзіл-қалжыңмен көрсетуге тырысады. Басты рөлдерді Олжас Нұрбаев, Еділ Анарбай, Арайлым Нұрғожа, Мейіржан Түребаев сынды актерлер сомдайды.

а

“Айти-молодец”

Комедия жанрындағы бұл телехикая Айдар есімді жігіттің басынан кешкен оқиғаларына негізделген. Жігіт “Болашақ” бағдарламасымен АҚШ-та білім алып келген. Ол «Apple» компаниясында жұмыс істеп, Америкада қалуды армандайды. Алайда келісім-шартқа сәйкес 2 жыл Отанында жұмыс істеуі тиіс. Қаһарман жергілікті тұрғындарға ғылым әлемінен сыр шертеді. Аталған телехикаяда басты рөлдерді Рауан Мұратқалиев, Гүлнар Сильбаева, Әбунасыр Серіков ойнайды.

x_02320d74

”Патруль”

Көп адам полиция қызметкерлерінің шынайы өмірде немен айналысатынын көз алдына елестете алады. Тіпті, олардың жұмысының өте оңай екенін айтады. Мұнымен қатар, олардың қызықты оқиғаларға тап болып жүретіні де құпия емес. Алайда комедия жанрында түсірілген телехикая полиция қызметкерлерінің қалай жұмыс істеп, қалай демалатынын, түскі асқа не жейтініне дейін көрсетеді. Актерлердің арасында КВН ойындарына қатысқандары көп. Солардың бірі – Марат Оралғазин.

Кәріс пен түрік телехикаяларынан отандық өнімдерді артық көрген көрермендер “Айти-жарайсың”, “Адасқандар” сынды телехикаяларды жоғары бағалады. Телехикая көрсетілімінің барысында көрермендер өздерінің келесідегідей пікірлерін білдірген болатын. “Бірден баурап алды басталғаннан-ақ, көңілден шықты. Керемет телехикая сияқты. Әсіресе Әбунасыр ағамыз керемет ойнап жатыр” десе, енді бірі “Шет елдің, діні жат елдің сериалына қарағанда осындай қазақтың туындылары көбейе берсін” деп Қазақстанда түсірілген телехикаялардың халқымыздың менталитетіне сай екенін айтқан-ды.

1444837240_l

2015 жылы отандық телехикаяларды түсіруге шетелдік мамандар атсалысқан болатын. Солардың бірі – режиссер Гамисония Шота. Ол “Біз тентектер туралы телехикая түсіріп жатырмыз. Мұны халыққа дұрыс жеткізу керек. Егер халыққа бұл тарихи кино деп айтар болсақ, олардың тарихи кино күтері анық. Әрине, белгілі бір шектен шықпауға тырысамыз. Десе де бұл жеңіл ситком жанры… Біздің мақсатымыз көрерменді өзінің қиындықтарын ұмытып, аз ғана уақытқа болса да, бақытқа бөлеу” деп қазақстандық телехикаяларға тың дүниелерді енгізіп жатқанын айтқан-ды.

Расымен, қазіргі отандық телехикаялар алдыңғыларынан әлдеқайда өзгеше. Бұрын драма жанры басым болса, қазір жеңіл әзіл аралас ситком жанры етек алған. Жоғарыдағы телехикаялардың көбісі жеңіл әзілге құрылған туындылар.

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін қазақтың телехикаяларында бой көрсеткен ең сымбатты әрі сұлу 10 актриса туралы жазған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар