Астанада “Барлығы жігіттер үшін” фильмінің түсірілім жұмыстары басталды (фото, видео)

Дүйсенбі, 25 Шілде , 2016 16:07

“Артық әңгімесіз” табысты телехикаясының авторлары Жер бетінде жалғыз қалған бір ару мен үш жігіт туралы фантастикалық комедия түсіріп жатыр.

13767426_1649909361997011_1152790751_n

Фото: instagram.com/bernayspro/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Картинаның оқиғасы Астана қаласында өрбиді. Үш жігіт нәзік жандылар әлеміне ену мүмкіндігіне ие болады. Оларды жұрт алақандарына салып аялап, еркеліктерін көтеріп, қалауларын екі етпей орындайды.

Жоба авторлары фильмде күлкілі оқиғалар мен романтиканың, тосын сыйдың көп болатынын айтып жатыр. Басты кейіпкерлерді Тәуекел Мүслім, Мұрат Бисембин, Жәния Журинская, Сая Оразғалиева және Данияр Алшынов сынды танымал жұлдыздар сомдайды.

image

12328489_216897181989536_887591092_n

Фильмді “Bernays” компаниясы түсіріп жатыр. Туындыны түсіруге қазақстандық ғана емес, “Кухня”, “Интерны”, “Универ”, “Анжелика” сынды табысты туындылар түсірген ресейлік мамандар да атсалысуда. Аталған фильмнің режиссері Виктор Бормотов.

2

3

Продюсер Александр Суслов аталған картинада нәзік жандылар әлемін айнытпай берудің қиынға соғатынын айтады. “Кадрға ер адамның кірігіп кетпеуін жіті бақылауымызға тура келді. Он шақты әйелдер көлігін іздеп, қабырғаларды алқызыл түстерге бояп шықтық”, – дейді ол.

В таком темпе мы и снимаем #всеиззамужиков #backstage #bernays with @dalshino @mussilim @v_borman @territima

Видео опубликовано Все из-за мужиков (@bernayspro)

Көркем фильмнің түсірілім жұмыстары тамыз айының ортасына дейін созылмақ. Ал көрермен назарына 2017 жылы ғана ұсынылатын болады.


Жіберіп алмаңыз:Желі қолданушылары Ерке Есмаханды қорқынышты фильм кейіпкеріне ұқсатты (фото)

“Келін” фильміне түскен қыз: Бәріне кінәлі – өнерге ғашықтығым

“Желіде” фильмінде Мәдиев пен Әзімбаеваның қатысуымен төсек қатынасы көрсетілмек

“Гламур для дур” фильмін түсіру кезінде Ақбарова режиссермен ұрысып қалды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
31.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар