Қырғызстан президентінің 19 жастағы қызы тұрмысқа шықты
Қырғыстан президенті Алмазбек Атамбаевтың қызы Әлия Шағиева Instagram желісінде Костя есімді жас жігітпен бірге түскен суретін жариялады.
“Мен бір-бірін айналып-толғанып бірге түсіп жататын жұптардың әрекетін ерсі көрем. Костя екеумздің 4 жыл қатынасымызда бірге түскен сурет болмапты. Мен көпшілікке жеке өмірі жайлы жария қылғанды да жек көрем. Бірақ, бүгінгідей керемет күнде күле тұрып суретке түсудің сәті түсті. Біз енді ерлі-зайыптымыз. Құттықтауларыңызды қабылдауға дайынбыз”, – дейді Шағиева.
Қырғыстан президентінің аппараты бұл ақпаратты растады. Шағиева 19 жаста. Ол наурыз айында “Сантерра” Даун синдромымен ауыратын балалардың ата-аналарының қоғамдық қорына 200 мың сом қаражатты қайырымдылыққа жұмсаған. Бұл қаражат оның картиналарынан түскен табысы екен.
Жіберіп алмаңыз:
Сынға қалған Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты тыңдамай, жиыннан кетіп қалды
Қазақстандық министр Атамбаев сөз сөйлеген кезде есінеген дипломат үшін кешірім сұрады
Атамбаев: Ұры министр болғанша еден жуушы болған дұрыс
Қырғызстан президенті гитарамен ән айтып интернетті дүр сілкінтті (видео)