Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық министр Атамбаев сөз сөйлеген кезде есінеген дипломат үшін кешірім сұрады

ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев сөз сөйлеп жатқан сәттегі қазақстандық дипломаттың қылығы үшін кешірім сұрады.

5252

Сурет youtube

Бұл туралы Қазақстан Жаңалықтары хабарлайды.

Жуырда ШЫҰ саммитінде Алмазбек Атамбаев сөз сөйлеп жатқан кезде ту сыртында отырған қазақстандық дипломат әріптестерімен әңгімелесіп, есінеген болатын. Оның мұндай қылығы қоғам өкілдерінің ренішін туғызған.

“Біз бәріміз адамбыз. Әр адам есінеп, басқа да адами әрекеттерді жасауы мүмкін. Бұл жерде басқа ешқандай ерсі қылық болмады. Тағы да қайталап айтамын, бәріміз пенде болғандықтан еш адами әрекеттер бізге жат емес. Әрине, дипломат – бұл ерекше мамандық, әсіресе халықаралық іс-шаралар кезінде әр ісіңе мұқият болу керек. Өкінішке орай, ол сол жерде камера жұмыс істеп тұрғанын есінен шығарып алса керек. Егер кім де кім мұны ерсі қылық деп санайтын болса, онда мен кешірім өтінемін. Бұл жігіттің басты кінәсі тек камералар жұмыс жасайтын аумақта отырып қалғандығы”, – деді Ыдырысов.

10576176

Сурет newskaz.ru

Министр ол жігіттің кәсібилігіне ешқандай күмән келтірмейтіндігін де атап өтті.

“Мен оны жеке танимын. Бұл мен әдейілеп Вашингтонда жұмыс атқаруға жіберген адам. Ол біздің студентіміз, өте жақсы оқыды, тіпті “Болашақтық” болуы да мүмкін. Сондықтан кәсіби тұрғыдан оған тағылар еш кінә жоқ. Мен тек оған және басқа дипломаттарға біз қоғамның алдындағы адамдармыз, соны ұмытпаңдар дегім ғана келеді”, – деді министр.

Оқи отырыңыздар:

Атамбаев: Ұры министр болғанша еден жуушы болған дұрыс

Қырғызстан президенті гитарамен ән айтып интернетті дүр сілкінтті (видео)

Мәскеуде Арыстанбек Мұхамедиұлына қарсы жауап берген қырғыздар марапатталды

Талқылау