Қырғызстан президенті гитарамен ән айтып интернетті дүр сілкінтті (видео)
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев гитарамен “Судьбе назло” әнін орындап, интернет кеңістікті дүр сілкінтті.

Сурет ru.sputnik.kg
Бұл туралы Sputnik Кыргызстан хабарлайды.
YouTube порталында жария етілген компазицияның кіріспесінде Атамбаев бұл әннің өзіне кез-келген қиындықты жеңу жолында көмектескенін айтады.
Президенттің баспасөз қызметінің басшысы Алмаз Үсенов те бұл ақпаратты растап, видеодағы шын мәнінде Алмазбек Атамбаевтың дауысы екенін айтқан.
“Ол әнін де, сөзін де өзі жазды және гитараға да лайықтап айтып шықты. Жазба үй жағдайында осыдан екі ай уақыт бұрын жасалған”, – деді Үсенов Sputnik Кыргызстан сайтына берген сұхбатында.
Видео Мелиса Убукееваның “Провинциальный роман” фильмінің кадрларымен монтаждалған.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды