Мәскеуде Арыстанбек Мұхамедиұлына қарсы жауап берген қырғыздар марапатталды

Сәрсенбі, 29 Маусым , 2016 18:07

Мәскеуде Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының пікіріне қатысты жауап берген екі қырғызстандық әйелді Қырғызстан президенті Атамбаевтың атынан марапаттады.

2016-06-28_22-38-41_826116

Сурет: zanoza.kg

Бұл туралы Ресей Федерациясындағы Қырғызстан елшілігі хабарлайды.

28 маусым күні Ресейдегі Қырғызстан елшілігінде президент Алмазбек Атамбаевтың атынан Арыстанбек Мұхамедиұлының қырғыздар жайлы айтқан пікіріне қарсы жауап берген екі қырғыз әйелді марапаттады.

2016-06-28_22-39-20_318843

Ресей Федерациясындағы Қырғыстан республикасының Төтенше жағдайлар мен өкілетті елшісі Болот Отунбаев видеоролик қатысушылары Қарабаева мен Кожоева атты азаматшаларды азаматтық позициясы үшін алғысын білдіріп, ақшалай сыйлықтар мен естеліктер табыс етті.

Айта кетейік, 24 мамыр күні Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы жөнінде айта келіп, Ресейде дәретхана тазалап жүрген қырғыз азаматтарын аяйтынын айтып, үлкен сынның астына қалған болатын. Оған қарсы Мәскеудегі қырғыздар жауап берген еді. Ал, Қырғызстанның СІМ Қазақстанға қарсылық нотасын жолдаған. Минист кейіннен бұл пікірі үшін кешірім сұраған. Ал, Қазақстан тарапы министрдің қырғыздарды төмендетейін деген ойы болмағанын мәлімдеген.

Жіберіп алмаңыз:

Арыстанбек Мұхамедиұлы: Менен қателік кетті

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар