Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сынға қалған Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаевты тыңдамай, жиыннан кетіп қалды

Оңтүстіктегі көрші елдің президенті Алмазбек Атамбаев бүгін қатты ашулы. Қырғызстанның тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай ұйымдастырылған мерекелік шарада мемлекет басшысы Бакиевтен кейін елдегі билікті ұстаған уақытша үкіметті біраз сынаған болатын. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлайды.

1016503651

Фото: sputnik.kg

Мұны көтере алмаған экс-президент Роза Отунбаева Атамбаевқа сөзін аяқтатпай, жиыннан кетіп қалды. Ал ашулы президент мұнымен тоқтаған жоқ. Қызды-қыздымен, Отунбаева басқарған Уақытша үкіметтің біраз былығын жайып салды.

“Отунбаеваның үрейі түсінікті. Конституцияға өзгеріс енгізіп, Атамбав қолындағы билікті ұзартып алмақ деп қорқып жүр. Өйткені, 2010 жылғы референдумда ол дәл осылай жасаған. Әркім өз ойынан хабар береді. Уақытша үкімет мүшелері халықты қанағаны үшін, сеператистерді азғырғаны үшін ертелі-кеш жауап беретініне сенімдімін”, – деді Қырғызстан Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев.

Жұрт көзінше уақытша үкіметтің былығын әшкерелеп жатқанда, оққағарымен бірге Ала-Тоо алаңнан кетіп қалған Роза Отунбаеваны ешкім тоқтатқан да жоқ. Ал Атамбаевтың айтуынша, Отунбаева мен уақытша үкімет мүшелері 2010 жылы референдум жасаған соң, 4 жыл бойы ел іші митингі, тұрғындар арасындағы наразылықтан көз ашпаған.

Президент енді сол Конституцияға қайта өзгеріс енгізу туралы ұсыныс жасап отыр. Сондықтан Қырғызстанда күзде референдум болуы мүмкін. Ал экс-президент Роза Отунбаева пен уақытша үкіметтің мүшелері 2020 жылға дейін Ата заңға мүлдем тиіспеуді талап етіп, үндеу жариялаған болатын.

Талқылау