Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қырғыз президенті орнына ізбасар дайындамайтынын айтты

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев өз орнына ізбасар дайындап жатпағанын ашып айтты. Алатоо баурайындағы елдің басшысы мұны демократия қағидаттарына сай келмейтінімен түсіндірді.

5171980ad3b621cd1578e7425d0e6076

Сурет kyrtag.kg

Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

«Президент орнына ізбасар тағайындалатын мемлекеттердің бәрінде демократияның жолы бірден жабылып қалады. Егер мен президент ретінде орныма ізбасар дайындар болсам, онда біздің елімізге демократия келмейді. Халық лайықты адамды өзі таңдап алуы керек», – деп мәлімдеді Атамбаев. Ол өзінің міндеті әділ де таза президент сайлауының өтуін қамтамасыз ету деп біледі.

Қырғызстан басшысы сонымен қатар өзі құрған партияның өзін мемлекет басшысының орынтағына кандидат ретінде ұсынуы мүмкін екенін, бірақ «бәрібір нағыз лайықты адамды халықтың өзі таңдайтынын» атап өтті. Ол сондай-ақ сайлауға дейін елдің конституциясына тиісті өзгерістер енгізу керек екеніне тоқталды.

«Бірақ кландық жүйеге қайта оралуға жол бермес үшін өзгерістерді нақтылы бір тармақтар бойынша ғана жасау керек», – деді Атамбаев.

Талқылау