Қыдырәлі Болманов өзін “Сәуле Әбединованың жолдасы болған” дегендерге жауап берді

Дүйсенбі, 22 Тамыз , 2016 13:01

Қыдырәлі Болманов өзін “бір отбасын тастап кеткен” дегендерге жауап берді. Продюсердің айтуынша, ол Қарақатқа дейін ешкіммен некелеспеген.

новый коллаж

Фото:instagram.com/kydyrali_bolman/?hl=ru

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Күні кеше Қыдырәлі мен Қарақат отасқандарына 17 жыл болғанын айтып, қуаныштарын халықпен бөлісті. Бір-біріне ерекше құрметтерін әлеуметтік желі арқылы көрсетіп жатты. Желі қолданушылары да өз кезектерінде жұлдызды жұпты құттықтауға асықты. Арасында продюсердің “бірінші отбасына” қатысты сұрақ қойғандар да болды.

Осы күнге дейін “Ақжүніс” бағдарламасының жүргізушісі Сәуле Әбединова мен Қыдырәлі Болманов отасып, артынша ажырасып кеткен” деген қауесет халық арасында тараған болатын. Продюсер мұның шындыққа еш жанаспайтынын айтты. Және осы уақытқа дейін Қарақаттан өзге ешкіммен некелеспегенін жеткізді.

“Құтты болсын, аға! Жасай беріңіз, жарын құрметтеген азамат болса сіздей-ақ болсын! Еңбегіңіз жансын! Бір сұрақ қойғым келді, айып етпеңізші… “Əйел бақыты” бағдарламасына “Ақжүніс” бағдарламасын жүргізген Сəуле Əбединова қонаққа келгенде Лəйлә Сұлтанқызы оған “Сіз Қыдырәлі Болмановтың бірінші əйелі деген сөз бар” деп сұрақ қойды. Сол қаншалықты рас? Аға, сізді көбі Қарақатқа дейін үйленген болатын деп айтады. Осы сұраққа өз аузыңыздан жауап естісек. “Әйел бақытында” Сәуле ханым келгенде сіз сол кісінің бірінші күйеуі деп көп айтылған болатын” дейді желі қолданушыларының бірі.

“Өсек-аяң теріп, оны шығаратындар – өте үлкен күнә жинаушылар. Әйел адамның бөтен еркекке сұрақ қоюға, жөн сілтеуге ешқандай қақысы жоқ. Мен еркекпін. Тоқал алғым келсе ешкімнен сұрамаймын. Алғым келмесе, маған ешкім қинап алдыра алмайды. Намысым да, сөзім де кесек. 25 жыл көз алдыларыңызда өсіп келемін, ТВ-дан түскен емеспін, менің жылтырбет, ұрланып жүрмейтін еркек екенімді санаңыз арқылы сараптасаңыз көзіңіз әбден жетіп тұр! Сондықтан менің жеке өмірімде, жанұямда шаруаларыңыз болмасын!

Көзіңізді ашып қарасаңыз, сүмелек еркек емес екенім маңдайымда жазылып тұрған жоқ па? Жалпы, 10 бәленің 9-ы тілден дейді. Өз өмірлеріңізбен айналысыңыздар! Аллаға сансыз мадақ. Қыдырәлі Болманов өз еңбегімен, білімімен, ақылымен, Алланың қалауымен Қарақатын тапты. Өмірден өз жолын тапты! Намысты, қуатты, қайсар, өз ұлтына адал, қазақ тарихында болмаған, әлемде аналогы жоқ бірнеше жобаны іске асырған, ауылда туып-өскен қазақтың қара баласы!” дейді Қыдырәлі Болманов.

Мұнымен қатар, тағы да бір желі қолданушылары продюсердің тастанды бала-шағасы бар екенін айтып жатты. Болмановтың бұл сауалға да жауабы әзір екен. “Менде өзім тастап кеткен бала-шаға жоқ! Алғашқы ақ некелі жарым да Қарақат! Жаңағы Сәуле, Ләйләлардың әңгімесіне еш қатысым жоқ. Жалпы ниеттері қисықтау адамдарды өшіріп отыру – бізде заңдылық. Негативті қандай түрде болмасын жек көреміз. Аман болыңыздар”, – дейді ол.

Осыдан кейін продюсер өзі атын атап, түсін түстеген екі желі қолданушысын өшіріп тастаса керек.

Бұған дейін әншінің әріптестері мен тыңдармандары әсіресе Болмановты студент кезінен білетіндер оның алғашқы некесі туралы ашық айтатын. Бірақ, соңғы кездері продюсердің өзі мұны жасырғаннан кейін,  әріптестері де болған жағдай жайлы айтуға құлықсыз. Дегенмен Болмановтың студент кезінде  суретші қызға үйленіп, бір баласымен ажырасқаны. Кейіннен ол перзентінің қайтыс болып кеткені жайлы ел арасында сөз бар.


Жіберіп алмаңыз:

Қыдырәлі Болманов елбасы айтып берген әзілмен бөлісті

Болманов: Қарақатқа алғаш “қасқыр” көзіммен тесіліп қарағаным есімде

Қыдырәлі жарының тұңғышын өмірге әкелген күнді еске алып, естеліктерімен бөлісті

Болманов: Жанар екеуміз бір бөлмеде, бір көрпені жамылып жататын дос болғанбыз

Қыдырәлі Болманов ауылының “креативті” қолжуғыштарын көрсетті (фото)

Қыдырәлі: Қарақат екеуіміздің 550 адамға арналған тойымызды әкесіне бола жасадым

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

9
Комментариев

Пікір қалдыру

Менин омиримде шаруаларын болмасын дегенин ози де ап адеми жауап ол осы созди айта отырып биринши айели Сәуле екенин мойындап отыр. Сонымен қатар өзинин қандай екенин мойындап отыр

Сонша неге ашуланып дореки сойлейсиз, жай сурак койылды, ия немесе жок десениз болды гой, сиз ешкимнен артык емессиз, мандайынызды не жазылганы сизге гана аян, биз ушин барибир, егер ашу шакырган болса, сурак сизге ауыр тиген, значит рас болып тур, бул омирде бирнеше рет уйленген тек сиз емес кой, ал еркек ретинде сиз баскаларга караганда коп утыласыз, ашуланбаныз, жуйкениз жукарады

Жел турмаса шоптин басы кыимылдамайды биреудин отбасында халыктын шаруасы канша уйып откан отбасыга от салганды неге унатасыздар болса болган шыгар отбасылык сыр шыгар мундаи осекти жария етудин кажетиде пайдасыда жок

Еркек болса еркекше моиындамаима….

Жел турмаса ..шоптин басы кимылдамаиды ……деген атам казак!!!!!!!!! Букил казак баласы биледи….Каракаттын ози токал болып тиген…..оны несине жасырасындар…..

Кадирали дореки жауап берген екен демек бари рас болган сиакты

мен тастаган бала жок дегени , соган карагагда айел адамы тастап кеткен болып тур ау.

Рас болса 1ши баласы Атырауда турады дейди гой.Озинен аумайтын улы бар екен деген кауесет каншалыкты шындыкка жанасады екен.

Неге калыктын шаруасы болмасан деген, осы артистер калык аркылы маркайып жур емеспе.

wpDiscuz
Орташа айырбас бағамы
25.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар