Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

КВН-ші Мереке Есен Елеукенге ренішін айтып, жылап қалды

Өзінен 6 жас кіші жігітке тұрмысқа шыққан Мереке Бауыржанқызы тойына келмеген Есен Елеукенге ренішін білдірді. Айтуынша, КВН майталманы оның қуанышына ортақтаспақ түгілі, бір ауыз құттықтамаған.

КВН-ші Мерекеге Есен Елеукенге ренішін айтып, жылап қалды

Бұл туралы “Астана” арнасының “Той жыры” бағдарламасында айтылды, деп жазады Stan.kz тілшісі.

“Шынымды айтсам, тойға келмей қалған адамдарға қатты ренжідім. Мен 10 жылдың көлемінде сахнада жүрмін. Туыстарым “Есен ағадан бастап барлығы келеді, суретке түсеміз” деп ойлады. Тұрсынбек Қабатовты да, Ләйлә Сұлтанқызын да, Болат Мажағұловты да шақырдым. Бетпе-бет айтуға немесе нөмірлерін іздеп, хабарлама жазуға дәтім бармады. Сондықтан Instagram арқылы жібердім. Сонда риза болғаным, Болат Мажағұлов мырза: “Мереке, Құдай қаласа барамыз”, – деп жазып жіберіпті. Бізбен салыстырғанда жан-жақты, ол кісінің мүлдем қолы бос емес”, – деп бастады сөзін Мереке.

Бұл орайда КВН-ші қыз әсіресе, өзі әкесіндей көрген Есен Елеукенге ренішті екенін жеткізді.

“Ал бірақ Есен ағаның қолына бердім. Есен ағаны әкеміздей көрдік. Немесе телефонмен хабарласып, құттықтауға болар еді”, – деген Мереке көз жасын көлдетіп, жылап қалды.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау