Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құрманғазылықтар Атырау әкімін жалған нөмірлі көлікпен күтіп алған

Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев Құрманғазы ауданының жаңа әкімін таныстыру үшін Ганюшкино ауылына барған жолында оны екі нөмірлі: қазақстандық және ресейлік нөмір тағылған көлікпен күтіп алған.

20160430014817

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Мұны байқап қалған облыс басшысы ауданның бұрынғы әкімі Амангелді Баракатов жалған нөмірлі, яғни қазақстандық нөмірдің бетіне Ресей Федерациясы Астрахан облысының транзиттік нөмірі жабыстырылған көлікті пайдаланғанын анықтады. Нұрлан Ноғаев сол жерде көлік жүргізушісінің үстінен хаттама толтырылсын деп тапсырды.

“Бұл недеген сұмдық? Неге заң бұзушылықты қадағаламайсыздар? Әлде осы көлікпен әкім жүрсе болды, оны тоқтатпайсыздар ма? Бұндайды түп-тұқиянымен жойыңыздар, бұдан кейін мұндай қайталанбайтын болсын!”, – деді әкім.

20160430014823

“Көлік Астрахан облысында сатып алынған. Жүргізуші транзиттік нөмірлерді көлік тіркеуден өткеннен кейін АІІБ-ге тапсыруы керек болған. Алайда ол бұлай жасамаған. Заң бұзушылық анықталып, жүргізушінің үстінен хаттама толтырылды. Іс сотқа жолданды. Жүргізушіге 20 АЕК көлемінде айыппұл салынбақ немесе ол 1 жыл көлік жүргізу құқығынан айырылуы мүмкін”, – деп хабарлады Құрманғазы АІІБ полиция басшысы Жүсіп Төреғалиев.

Талқылау