Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құралай Нұрқаділова Қазақстан құрамасының олимпиадалық формасына өз нұсқасын ұсынды

Қазақстандық танымал дизайнер және KURALAI сән үйінің негізін салушы Құралай Нұрқаділова Қазақстан құрамасының спортшылары үшін өзіндік нұсқасын ұсынды.

photo_179178

Бұл туралы tengrinews.kz сайты хабарлайды.

“Спорттық формаға қатысты комиссия соңғы шешімді әлі қабылдамады деп үміттенемін. 26 жылдық тәжірибеме сүйеніп айтар болсам, елімізді күллі әлемге көрсететін киімдерде ұлттық колорит жетіспейді. Ал менің нұсқамда ұлттық ою-өрнектер қамтылған. Мен тапсырманы әлі де толықтай орындап үлгере аламыз деп ойлаймын”, – дейді дизайнер.

Сондай-ақ, Нұрқаділова Рио-де-Жанейро олимпиадасына арнап тігілетін спорттық киімдер конкурсына әу баста неліктен қатыспағанын да түсіндірді.

“Біріншіден, мен басқа ірі тапсырыспен айналысып босамай жаттым. Ал олимпиалық форманың дайын болғандығы туралы жақында ғана естідім. Біз қазірдің өзінде ту ұстап шығушының спорттық киімінің үлгісін дайындап бітірдік”, – дейді Нұрқаділова.

Еске сала кетсек, Нұрқаділова 2008 жылғы Бейжің олимпиадасы мен 2012 жылғы Лондон олимпиадасы қарсаңында спортшылардың парадтық киімдерін тіккен болатын. Жуырда ғана Астанада ҚР олимпидалық құрамасының спорттық формасы таныстырылған. Алайда, киім үлгісі көпшілік тарапынан сынға да ұшырап үлгерген еді. Алайда кейінірек киімге бірқатар өзгерістердің қайта енгізілетіні хабарлаған. Риодағы жазғы олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді.

4ff651f4c9ea3e42282202ce21b56809

82a46772ee6ca5e159498ff2f55bd059

4734d67263e0f40c9dc567b0a3291ee5

d01b51886ac62c765052083aa61b591f

 

Талқылау