Комиссия мүшелері қазақстандықтардың олимпиадалық киімдерін жарамсыз деп таныды

Бейсенбі, 18 Ақпан , 2016 18:02

Астанада өткен киім көрсетілімі кезінде олимпиадалық формалардың біздің спортсмендерге сай еместігі айтылды. Чемпиондардан  құралған комиссия мүшелері отандық дизайнерлердің өнімін түсіне байланысты жарамсыз деп таныды.

57649_tn

Олар киім үлгілерін ту түстес болады деп күткен. Алайда, формалар қанық көк-сары түсті болып шыққан.

«Біз жарыстарға үнемі көк сары формамен шығатынбыз. Ал, мында түсті аздап өзгертіпті. Модельдер мінберде тұрғанда киімнің түсі нашар көрінді. Кейін олар басқа жерге барып суретке түскенде ол мүлде өзгеріп кетті», -дейді Ольга Шишигина.

Zibroo фирмасының дизайнерлеріне бұл олқылықты түзеу үшін бір апта уақыт берілді. Олар қайтадан жаңа киім түрін таныстыратын болды. ҚР мәдениет жіне спорт министрлігі де бұл ақпаратты растады.

Бұған дейін Астанада Қазақстанның олимпиада құрамасының киімін таныстырғаны жайлы хабарлаған болатынбыз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар