Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Астанада Қазақстанның олимпиадалық құрамасының киімдері таныстырылды (фото)

Астанада Рио-2016 олимпиадасына орай Қазақстан құрамасының киімдерінің презентациясы өткізілді. Бұл киімдерді қазақстандық спортшылар олимпиада ойындарының ашылу рәсімінде киіп шықпақ.

photo_62222

Бұл туралы vesti.kz сайты хабарлайды.

“Біз киім тігумен 20 жылдам астам уақыт бойы айналысып келеміз. Сочи олимпиадасына, Универсиадаға да дайындадық. Киім маталары Тайванда, Түркияда өндірілген. Олар арнайы спорттық киімдерге пайдаланылатын шикізат ретінде жасалады. Футболкалар үшін арнайы ауаны еркін өткізетін материалдар пайдаланылды”, – дейді өндіруші компания директоры Елена Свечникова.

Модельдермен жұмыс істеу үшін, олимпиада чемпиондарынан арнайы комиссия да құрылған болатын. Мысалы, Ольга Шишигина жалпы тұрғыда еш қарсылық танытпаған. Бірақ, парадқа киіп шығатын формалармен әлі де жұмыс істеу керек деген ойын айтқан екен.

“Біз ұлттық тумен үндескен стилден қашып отырмыз. Түсі көк және ашық болып келеді. Шалбар сарғыш. Олар жақсы үйлесім табады. Аяқ киімдер лавсан матадан жасалған. Ал сынға келетін болсақ…он адам болған жерде он түрлі көзқарас болады. Алғашқы нұсқа оларға ұнамады, енді екінші нұсқасын ұсынып отырмыз”, – дейді “Казлегпром-Алматы” директоры Айбек Бектұрғанов.

Еске сала кетсек, Рио-де-Жанейрода олимпиада ойындары 5-21 тамыз аралығында өтеді. Төрт жылда бір келетін дүбірлі додада Қазақстандықтар 2012 жылғы жетістікті қайталауға ынталы.

photo_62220  photo_62223 photo_62224 photo_62225

Талқылау