Қазақстандық спортшыларға ұсынылған олимпиадалық киімдерді Адамбаев әжуалады

Жұма, 19 Ақпан , 2016 14:03

Ұлттық олимпиада құрамасының киімін әлеуметтік желі қолданушылары қатаң сынап жатыр. Тіпті әзілге айналдырып, оның түстерінің еш өзгермегенін тілге тиек етуде. Олардың арасында танымал режиссер Нұртас Адамбай да бар.

image

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Facebook қолданушыларының бірі “Олимпиада формасын тігушілер мен оның түсі туралы қысқаша айтар болсақ: “Біз көзіміз үйреніп қалған түстерді басқасымен алмастыруды жөн көрдік”. Құрметтілерім, айтыңдаршы сіздер де мен байқап тұрған туымызға жақын түстерді көріп тұрсыздар ма? Бірнәрсе өзгерген бе? Ал сәнбикелердің бірінің түрі жасампаз еден жуушы мен жалақысы төмен бортсерікті есіме түсіргені туралы үндемей-ақ қояйын…” деп өзінің айтарға сөз таба алмай қалғанын жеткізгендей.

1

Бұл қолданушы киімді ғана емес, оны халыққа таныстыру үшін түсірілген суреттердің тым сапасыз екенін де сынаған.

1

Әлеуметтік желілерден осыған ұқсайтын әртүрлі пікір оқуға болады.

2

Олардың дені келесідегідей: “Сәнгер “Эйр Астана” компаниясының тапсырысын орындап, артынша компания оны алудан бас тартқан соң форманы спортшыларға бере салғаны ма?”, “Адам секілді түсіруге болмай ма? Түсі 80-жылдарда аталары киген форманы еске түсіреді”, “Мұның барлығы бос сөз. Әлі осы киімдер үшін бюджеттен қанша қаражат кеткенін білген кезде күлкіге қарық боласыздар” деп екіұшты пікірлерін білдірді.

0456fe72-a521-4bcd-b04f-eabd61966ad4

Әрдайым халықты комедиялық фильмдерімен күлкіге қарқ қылатын режиссер бұл жолы да үнсіз қалмады. Facebook-тегі парақшасында “Арзан Тай колледжінің студенті, Халықаралық Украина әуежолдарының бортсерігі және тазалаушы” деп костюмдерге өзіндік атауын берді. Бұдан өзге бұл киімдерді барахолка базарынан сатып алуға болатынын  да мысқылмен жеткізді.

3773b5d5-9288-45fc-bbce-db3882c85ed2

Естеріңізде болса, осы уақытқа дейін коммисия мүшелерінің Қазақстан олимпиадалық киімдерін жарамсыз деп танығандығы туралы жазған болатынбыз. Мұны естіген жұрт “Шетелге күлкі болмайтын болдық” деп қуанып қалған-ды.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.07.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар