Қазақстандық атбегілер жылқы баптап джип ұтуды кәсіпке айналдырған

Дүйсенбі, 3 Қазан , 2016 14:37

Қазақ қашанда жеті қазынасын бағалап, оның ішінде қамбар ата тұқымына ерекше құрмет көрсеткен. Бүгінде мамандар еліміздің әрбір өңірінде шашасына шаң жұқтырмайтын сәйгүліктердің түр-түрін баптау үстінде.

Бұл туралы stan.kz хабарлайды.

Тіпті, еуропаның үздік қылқұйрықтарын елімізге алып келіп солардың тұқымдарын шығарып жатыр.

имии

Ат бегілер үшін атты баптау оңай шаруа емес. Оны күту, жарысқа жарату, жақсылап  суытудың өзі бір үлкен өнер.  Ал, жейтін жем-шөптері мен түрлі дәрумендері өз алдарына. Әрине, оның бәрі ақшаға келіп тіреледі. Бірақ, аламан бәйгеде бағы мен бабы қатар шапса онда алатын жүлделері  де қомақты болмақ. Мынау, Есбол Шыңтасовтың атақты Шамалы. Бұл тұлпардың соңғы ірі жеңісі  биылғы жылы Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қаракемір ауылында  Құсайыновтар әулеті ұйымдастырған аламан бәйгенің жеңімпазы болды.  Яғни, жол талғамайтын «Тойота Ленд Крузер» авто көлігін қанжығаларына байлады.

Өмірінің жарты ғұмырын ат спортына арнаған Есбол Шыңтасов атақты Қозыкүреңнің баласы сегіз жасар Шамалдың осы күнге дейін ұтқан жүлдесі 100 мың АҚШ долларына жетіп жығылады деп отыр.

ввммв

Ал, Алматы облысы, Жамбыл ауданының тұрғыны Нұрәділ Жаңабайұлы да осы сәйгүліктерінің арқасында берекесі мен байлығын қатар арттырып отыр.

«Мен осы жылқыларымның арқасында автокөлікті сатып алмаймын. Бұлар бір рет джип ұтып берсе өз-өздерін ақтайды. Сондықтан ат баптап жатырмыз», – дейді Нұрәділ.

Еске сала кетсек , Нұрәділ Ноқатай баптайтын «Жаннұр» атты 5 жасар байталы III республикалық  Алтын тұлпар аламан бәйгесінің жеңімпазы болған еді.

Бүгінде Сұлтан жылқы шаруашылығында бауырын жазып көсіліп шабуға дайын қырық шақты сәйгүлік бар.

«Бұл аттарды дайындау оңай емес. Аяқтарына дейін тазартамыз. Себебі, табанына тас кіріп кетпеуі керек. Жарысқа дайын жылқы өзі қыршаңқы келеді», – дейді атбегі.

кеке

Қазір әлем­нің назарын аудартқан араб жылқысы, ағылшынның таза қан­ды аттары, түркіменнің ақылтекесіндей сәйгүліктеріміз біздің жерімізде де жоқ деп айтуға болмас. Себебі, еліміздің әрбір-өңірінде ат жалын тартып өскен мамандар бұл саламен қарқынды түрде айналысып келеді. Рашит Қасымбеков  тоқырау заманында еліміздегі ең ірі  «Луговой»  жылқы зауытынан атақты Абсенттің соңғы тұяқтарын қомақты қаражатқа сатып алыпты. Қазіргі кезде текті тұяқтардың тұқымдарын  көбейту үстінде. Оның әрбір ақылтекелерінің құны бүгінде 50 000 АҚШ долларына жетіп жығылады. Айтуынша, бәйгеге ат қоспайды екен. Есесіне олардың тұқымдарын сатып, пайда түсіреді.

Оқи отырыңыз:

Келін: Енем ұрысып, күйеуім қол жұмсаса да, отбасымды бұзбаймын

6 жасар қызының порно көруін тоқтата алмаған ана жұрттан көмек сұрады

Жынысын ауыстырған қазақстандық транссексуал елімізде ерлердің 90%-ы бисексуал деп елді шошытты

Бәйбіше мен күйеуі ұл туып берген тоқалды үйден қуып шықты

Бір әулеттің жалғыз ұлы бедеу келіншегінің ажырасу туралы ұсынысынан бас тартты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар