Келін: Күйеуім аямай ұрса да, балам үшін отбасымды бұзбаймын

Дүйсенбі, 3 Қазан , 2016 14:34

Айымгүл Ардажанқызы (есімі өзгертілді) осыдан 3 жыл бұрын сүйген жігітіне тұрмысқа шыққан. Дәл қазір ата-енесімен бірге тұрып жатыр. Олардан бөлек үйлерінде қайын інісі мен сіңлісі бар. Енесі үйге келген табысты өзі жұмсайтын көрінеді. Айымгүлге тіпті етеккірге арналған төсемелерге  ақша бермейді екен. Осы күнге дейін барған жерінде тек жолдасы қамқоршы болып келсе керек. Енді ол да жөнсіз ұрыс шығарып, Айымгүлге қол жұмсайтын болыпты. Келіншек ата-анасын ренжіткісі келмегендіктен, өзге оқырмандармен сырын бөлісуді жөн көрді.

234582250

Бұл туралы “Әйел бақыты” бағдарламасына жолданған хатта жазылды.

Енесі өз ақшасын өзіне бермей қор қылса, күйеуі жөнсіз соққының астына алады екен. Енді бұлардың қатарына 13 жастағы қайын сіңлісі де қосылған. Ол жеңгесіне себепсіз боғауыз сөздер айтып, ішкиімдерін жуғызады. Ал өзі 5 жасар бүлдіршіндермен ойнауды жөн көреді. Бір қарағанда сана сезімі жетілмей қалғандай көрінсе де, жігіт десе қайын сіңлісі ішкен асын жерге қояды екен. Отбасының мұндай әрекеттерінен шаршаған Айымгүл жұртпен сырын бөлісті.

“Қазір жасым 21-де. Алланың қалауымен сүйген жігітіме 19 жасымда тұрмысқа шықтым. Ешкімді жамандамаймын. Құдайдан қатты қорқамын. Бар болғаны өздеріңізбен сырымды бөліскім келеді. Жақындарымның бұл туралы біліп, мен үшін уайымдағандарын қаламаймын. Қайын сіңілім 13 жаста болса да, сана-сезімі әлі күнге дейін жетілмеген. Үнемі 5 жасар бүлдіршіндермен ойнап жүреді. Бірақ, жігіт десе ішкен асын жерге қояды. Қолынан бір іс келмейді. Тіпті ішкиімдерін маған әкеліп жуғызады. Өзі сондай салақ. Ішкиімі қыз баланыкіне ұқсамайды. Көргеннен-ақ жүрегіңіз айниды.

Бес айлық балам жыласа, “Бәле болдың, сен қ… Ойнатпадың ғой есек” деп ұрысып шыға келеді. Мұның барлығын естімегендей түр жасамасқа амалым жоқ. Осы күнге дейін қайын інім екеуіне бір рет те болсын дауыс көтерген емеспін. Жасының кіші екенін ескеріп, өзімді ұстаймын. Енем де ақша десе арын сатуға дайын. Тіпті атама да бір тиын ұстатпайды. Қызы екеуі өздеріне керекті заттарды ғана алады. Етеккірге арналған төсемелерді анда-санда бір рет алып береді. Айтсам, “Мата сал, ішкиіміңді қайта-қайта жу” деп ұрысып тастайды. Баламның ай сайынғы ақшасын да енем ұстап отыр. Күйеуімді сыйлағандықтан, барлығына төзіп жүрмін.

Осы уақытқа дейін талай жылатса да, тірі жанға барып шағымданған емеспін. Себебі, ата-анам бізге үлкенді сыйлауды үйреткен. Десе де, енемнің арасында қызын жұмсамайтынына ашуланамын. Ол да бір күні босаға аттап, келін болатыны анық қой. Ал соңғы кезде күйеуім мені ұратын болды. Шыдамасқа амалым жоқ. Отбасымды бұзып, баламды әкесіз қалдырғым келмейді. Жүзім күліп тұрса да, жүрегім жылап жатыр. Қиналғанымды ешкімге білдіргім келмейді. Аллаға шүкір деймін. Одан өзіме сабыр беруін сұраймын. Хатым тым ұзақ болса айыпқа бұйырмаңыздар. Басқа сырымды бөлісер ешкімім жоқ. Көңіл қойып оқығандарға Алланың нұры жаусын. Бақытты болыңыздар”, – дейді Айымгүл.

Құрметті Stan.kz сайтының оқырмандары! Өрелі адамдар жайында айтар өнегелі әңгімеңіз немесе қызықты фото, видеоңыз немесе бізге айтар ұсыныс-тілектеріңіз бар болса, [email protected] поштасына хат жазуларыңызға әбден болады.


Жіберіп алмаңыз:

6 жасар қызының порно көруін тоқтата алмаған ана жұрттан көмек сұрады

Жынысын ауыстырған қазақстандық транссексуал елімізде ерлердің 90%-ы бисексуал деп елді шошытты

Бәйбіше мен күйеуі ұл туып берген тоқалды үйден қуып шықты

Бір әулеттің жалғыз ұлы бедеу келіншегінің ажырасу туралы ұсынысынан бас тартты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

5
Комментариев
  • Анонимно says:

    Салеметсизбе сиз оте дурыс жасап журсиз ол омир манги емес кундердин кунунде умыт болады оларда окинетин болады сиз оте сабырлы екенсиз Алланын нуру жаусын сизге.

  • Анонимно says:

    Тек сабырлык тилеймин.

  • Анонимно says:

    Шын шыгар , мен ондай жағдайда жүрген бирнеше келиншектерди білем , ондайда шыдау керекпа соны білмеймін оз басым шыдай алмас едим ондай əділетсіздікті бір жағына шығар едім. Жандарын колдарына устатар едим олай жасамасан озинди жындыханадан шыгарар түрлері бар

  • Анонимно says:

    Салематсыздар ма. Атымды айтпаяк коисам дим.Мен Шимкент обылысы. Отырар ауданы когам аулында туылдым. Мен 19 жасымда турмыска шыктым. Туркистанда тигижи деген ауылга. Киеумен з жыл бирге турдым сол откен уш маган бир тозакта жургенмен бирди болды. Киеyiм аракты катты ишетин.. мен барине конип келдим. Олар семясымен арамза онбаган кисилер. Мени баларымнан айырды. Мени алдап ауылга жиберип баларын уилендирди.

  • Алия says:

    Аитканы рас па,алде шоу ушин айтылган жай агиме ме екен.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
13.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар