Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Құдайберген Бекіш ұлымен қосылып фильм түсірмек

Алпысты алқымдаған Құдайберген Бекіш Алматы және Астана қалаларында жеке ән кешін өткізбек. Мұнымен қатар, әнші өзге әріптестері секілді өзіне жарнама жасап әуре болмайтынын айтып жатыр.

f4e434c09f86094c26bb6177e678540b

Фото: kaztube.kz

Бұл туралы әнші “Hit.tv” арнасына берген сұхбатында айтты.

“Биыл өнерде жүргеніме 35 жыл уақыт өтті. Уақыт деген зымырайды, ол ешкіммен санаспайды. Қартайған шағында адам баласы “Не істедім? Не қойдым?” дейтін болады. Өнерде талай жақсы гәстрөлдік сапарларға бардық. Көп жылдан бері осы өнердің сорпасында қайнап келе жатырмын. Республика сарайында “Әндер мен жолдар” деген менің үлкен жобам өтпек. Астана қаласында үлкен шығармашылық кешім мен “Әндер мен жылдар” атты фестиваль өткізуді жоспарлап отырмын. Бейнебаянға мен құмартқан емеспін. Ең соңғы бейнебаян 2012 жылы “Өмір-өзен” деген атпен шықты. Бір бейнебаянды жасап қойып, оны қайта-қайта ротацияға бергеннен гөрі үлкен концерттер ұйымдастырғанды ұнатамын”, – дейді Құдайберген Бекіш.

Биыл әнші өзінің ұлымен қосылып фильм түсірмек. Десе де, ол әзірге аталған фильмге қатысты жаңалықтарды жасыруды жөн көрді.

“Биыл ұлым Өнер академиясын “режиссер” мамандығы бойынша тәмамдады. Екеуіміз қосылып болашақта қазаққа керек, қазақы рухы мен айтатын дүниесі бар бір кино түсіруді жоспарлап отырмыз. Арманым орындалады деген ойдамын. Көрерменнің көңілінен шығатын фильм түсіруге әрдайым дайынмын”, – дейді әнші.


Жіберіп алмаңыз:

Ерлан Орынбасаров әйеліне серіктес болғанын сынағандарға жауап берді

Белгілі журналист Елболат Беделханның әрекетін стриптиз биіне теңеді

Парвиз Назаров: Соңғы 10 жылда дене бітіміме назар аудармай кеттім

Сәнгер Jado: Арықтау үшін ешуақытта ота жасатпас едім

Талқылау