Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ерлан Орынбасаров әйеліне серіктес болғанын сынағандарға жауап берді

Ерлан Орынбасаров жеке өмірі мен шығармашылығындағы соңғы жаңалықтарын бөлісіп, тілекші жандарға алғыс айтты. Мұнымен қатар, бұл жолы ұлының есімін не себепті Баян ханымның қойғанын түсіндірді.

19624812_127865134477407_2935011415490035712_n

Фото: Ерлан Орынбасаровтың жеке парақшасынан

Бұл туралы “Таңшолпан” бағдарламасында айтылды.

– Ерлан мырза, Баян ханымның жағдайы қалай?

– Біздің әрбір қуанышымызға ортақтасып, тілекші бауырларымызды өмірде көрмесек те, олар бізге жақын туысқанымыздай болып кеткен. Перзентханаға дейін келіп, гүл шоқтарын сыйлап жатқан тыңдармандарымызға үлкен рахмет айтамын. Қазір Баянның жағдайы өте жақсы. Қасында болып, ана болудың қандай қиын екенін көрдім. Баланы дүниеге әкелуде әйел адамның еңбегі зор. Мұны сөзбен айтып жеткізу қиын. Баянға “Баламыздың есімін өзің қой. Қандай есім берсең де, өз еркіңде” деп Баянға  жолымды бердім. Анамыздан да бірауыз рұқсат алған жайымыз бар. Бір шетінен Зейін Әліпбеков мырзаға ұқсағанын да қаладық.

– Астана қаласындағы жұптар ән салатын концертке жалғыз шыққаныңыз рас па?

– Жуырда Астанада өткен концертте әріптестеріміз жұптасып ән салды. Біз екі ай бұрын келісімімізді беріп қойған едік. Маңызды себептер салдарынан Баян келе алмады. Мен де келмесем, халықтан ұят болады деп ойладым. Сахнада тұрып халықтың Баянның шығуын күтіп тұрғанын байқадым. Соңында Баянның босанғаны туралы айтып едім, халық шын ықыласымен қошемет көрсетіп, қуаныштарын білдіріп жатты.

Кешкі жаңалықтарды қарап отырып біздің жанұямыздың есімдерін жолықтыруға болады. “Құрметті, халайық! Сіздерге баяндаймыз. Назар салып тыңдаңыздар. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет” деген секілді сөйлемдер бар. Көп жерде жұрт “Баян дуэт айтқалы бері, гитарасын тастап кетті” деген сындар айтылып жатады. Яғни Instagram желісіне жазылған пікір-тілектердің барлығын оқимыз, ескереміз. Соған қарай кішкене түзелуге тырысамыз. Осы қалау-тілектердің арқасында Баянның жеке үнтаспасын шығарған болатынбыз. Менің қорымда да, Баянның қорында да әндер жеткілікті. Алла қаласа, Баян жұмысқа кіріскен жағдайда, бірінші бейнебаян түсіреміз.

– Шығармашылықтарыңызда қандай жаңалықтар болып жатыр?

– Әдетте ән жаза салысымен бірден желіге таратамыз. Халықтың аталған әнге деген ықыласын ескереміз. Соңғы кезде Баян екеуіміз орындайтын “Жүрегім” атты әнге сұраныс көп екенін байқадық. Мұнымен қатар, әндеріміздің минустерін сұрағандарға беріп отырамыз. Өз қолыммен 5-6 адамға таратқан жайым бар. Бірақ, сахнаға әндерімізді айтып шығуға рұқсат бермейміз.


Жіберіп алмаңыз:

Белгілі журналист Елболат Беделханның әрекетін стриптиз биіне теңеді

Парвиз Назаров: Соңғы 10 жылда дене бітіміме назар аудармай кеттім

Сәнгер Jado: Арықтау үшін ешуақытта ота жасатпас едім

Марқұм Шалқар Үркімбаевтың қызына Сәкен Майғазиев үлкен сомада көмек берді

Талқылау