Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қуандық Бишімбаевтың үстінен тергеу шаралары жүріп жатыр

Астанада жыл соңындағы ірі тұтқындаулар жалғасуы әбден мүмкін. Бүгін президент Нұрсұлтан Назарбаев қызметінен алынған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді. Себебі «Бәйтерек» холдингіндегі былық қа Бишімбаевтың да қатысуы болуы ықтимал деп хабарлады КТК.

kuandyk-bishimbaev-poluchil-eshhe-odnu-dolzhnost-3123-1

«Министр Қуандық Бишімбаев «Бәйтерек» холдингіндегі қызметіне қатысты туындаған мәселелерге байланысты орнынан босады. Қазіргі сәтте оған қатысты тергеу шаралары жүріп жатыр. Тимур Сүлейменов Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі болып тағайындалды. Ол өзіне қойылған міндеттерді абыроймен атқарады деп сенемін», – деді Мемлекет басшысы.

36 жастағы Бишімбаев қазір тергеушілердің сұрақтарына жауап беріп, қамауға алынған әріптестерімен бетпе-бет кездесіп, қолы қойылған барлық қаржылық құжаттары үшін есеп беріп жатыр.

Жер дауынан кейін Ұлттық экономика министрлігін бар-жоғы 8 айдай басқарған мақтаулы «Болашақтың» түлегі, Үкіметтегі ең жас шенеунік, министрлікке келмей тұрып 3 жыл «Бәйтерек» холдингін басқарған болатын. Қараша айында дәл осы холдингтің еншілес компаниясы “Бәйтерек DEVELOPMENT” төрағасының орынбасары, Мәжілістің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы Аслан Жақыпов, атқарушы директорлар Бауыржан Әйтімбетов пен Ғазиз Сариев 288 миллион теңге парамен ұсталған. Олар мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасына яғни арзан баспана салуға бюджеттен бөлінген қаржыны тендерден ұтып беру үшін жүйелі түрде пара алып отырыпты.

Осыдан соң “Байтерек Development-тің” бұрынғы басшысы кейін Ұлттық экономика министрлігінде «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын модернизациялау және дамыту орталығы»-ның төрағасы болған Бақыт Жақсыбаевтың да қамауға алынғанын айта кетейік. Арада көп уақыт өтпей енді, тергеушілер Қуандық Бишімбаевқа да жеткен. Экс-миинистр изоляторда отырғандардың қатарын толықтыруы да әбден мүмкін.

Оқи отырыңыз:

Елбасы елордадағы жаңа жылдық қайырымдылық кешіне қатысты

Мұхтар Тінікеев барша қазақстандықтардан кешірім сұрап өз еркімен қызметінен кетті

Ақтөбе әкімі жиналыс кезінде тағы да ұйықтап қалды

Талқылау