Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қожамжаров: Тұңғышбай Жаманқұлов мұндай қадамға барады деп кім ойлаған

Жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттіктің басшысы Қазақстандағы белгілі адамдардың ұсталуы туралы айтып берді.

1538197

Фото: Болат Шайхинов

Бұл туралы Sputnik хбарлайды.

Жемқорлық дерегін байқаған әрбір адам, бұл туралы басшылығына немесе тиісті қызметтерге хабарлауы тиіс. Жемқорлыққа қарсы ведомство үшін тиісуге болмайды деген жоқ, деп мәлім етті ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров.

“Ұжымда жұмыс істейтін әрбір адам жанында заңсыз, дұрыс емес дүниелердің болып жатқанын түсініп, бұл туралы басшылығын немесе тиісті органдарды ақпараттандыруға тиіс. Меніңше, бұл сіздер мен біздерге дұрыс қылық болуы тиіс. Біз алаңдарымызда, достарымызбен бірге біздегі жемқорлықтың деңгейі аса жоғары екенін талқылаймыз. Бірақ онымен күресуге құлық танытатын адамдар көп емес.

Өзіңнен сұрау керек: “Еліміздегі жемқорлық деңгейін төмендету үшін не істедім?” деп. Біз ұзақ уақыт бойы деңгейі жоғары емес шенеуніктермен айналысып келдік. Қазір жағдай өзгерді. Шын мәнінде, біз үшін тиісуге болмайды деген жоқ”, — деді Қожамжаров 2016 жылдың қорытындысы бойынша өткен агенттік алқасының отырысында.

Оның атап өтуінше, бұл шешім барлық деңгейдегі жиналыстарда жемқорлықпен күрес туралы айтып жүрген президенттің еркі екен.  “Егер біз барлығымыз бірге кірісетін болсақ, бұл “құбылысты” жою үшін көп қалған жоқ”, — деп атап өтті ведомство басшысы.

«Олар әр түрлі салада болуы мүмкін. Мәселен Жаманқұловты алайық. Халық әртісі, елдің сүйіктісі кінәлі болып шығады деп кім ойлаған. Мен атақты журналист Ғабдуллинге қатысты сот отырысын өз көзіммен көрдім. Өз кінәсін мойындағанын көрдік. Оның «Не маған үлкен сомада ақша бересіз, болмаса басыңызға іс түседі» деген сөзін естідік», – деді Қожамжаров.

Естеріңізде болса, Тұңғышбай Жаманқұлов ақша жымқырды деген айыппен ұсталған болатын. Актер өз кінәсін толықтай мойындап, кеткен шығынды өтеуге уәде еткен. Осының алдында ол президентке видео үндеу жолдап, араша түсуін сұраған еді. Жаманқұлов ақша жымқыру дерегін және оның өз жеке басына жұмсалғанын мойындаған. Сондай-ақ, ол өзін қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы өтініш те түсірген. Одан кейін танымал актер ұрланған 6 миллион теңгені мемлекетке қайтарып берді.

Жіберіп алмаңыз:

Қазақстанда жоғары дәрежелі шенеуніктер саны қысқартылады

Бозымбаев бензиннің қымбаттау себебін айтты

Алматыда қырғызстандық номердегі көлік жүргізушілеріне айыппұл салынады

Талқылау