Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай тұрғыны дәрігерлерді бет-әлпетін бұзғаны үшін сотқа берді

Қостанайда емделушілерге лайықсыз қызмет көрсетіп, дәрігерлік міндетін атқармаған дәрігерлер жауапқа тартылды. Айыпталушылар қатарында нейрохирургиялық бөлім басшысы Владимир Верко және төрт хирург дәрігер – Павел Ковалев, Марат Ахмадиев, Александр Петри және Данияр Қарағұлов бар.

66624465-659

Бұл туралы “Наш Костанай” хабарлайды.

Данияр Қарағұловақа қатысты прокурор оларға 114 бап негізінде “кәсіби міндеттерін лайықты түрде атқармау, денсаулыққа ауыр түрде зиян келтіру” айыптауынан бас тартып, сот сонымен қылмыстық істі жапқан. Ал қалғандарына үкім шығарылды.

Бұл дәрігерлердің оқиғасы осымен төртінші жыл қатарынан қозғалып отыр. 2012 жылы ақпан айында Айсұлу Шаяхметованы теміржол вокзалы ауданында №38 автобус жаяу жүргіншілер жолағында қағып кеткен. Оқиға орнынан оны ауруханаға жеткізеді. Сосын қыз нейрохирургиялық бөлімге жатқызылған. Ауруханада болған кезінде емделушіге ешқандай ем-дом жүргізілмеген, тіпті күнделікті қарап тұрмаған. Ақыры ақ халаттылардың немқұрайлығы салдарынан қыз қалған өмірін көзіндегі кемшілікті жасыру үшін, қара көзілдірік киюге мәжбүр.

Істі қараған судъя Верко, Ковалев, Петри және Ахмадиевті бір жылға бас бостандықтарынан айырып, үш жылға дейін медицина саласында қызмет көрсету құқықтарын шектеді. Сондай-ақ, сот Қостанай қалалық ауруханасын моральдық шығын ретінде Айсұлу Шаяхметоваға 200 мың теңге және материалдық шығын ретінде 62 мың теңге төлеуге міндеттеді.

Талқылау