Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанайда 300 мың теңге пара алған қала әкімінің орынбасары сотталды

Қостанайда шенеуніктер ісіне қатысты үкім шыға бастады. Қала әкімінің бұрынғы орынбасары Фрунзик Аракелян кәсіпкерден 300 мың теңге пара алғаны үшін бүгін 7 жылға сотталды деп хабарлады КТК телеарнасы.

20684149-015

Сурет top-news.kz

Ол темір тордың арғы жағына аттанбас бұрын алған ақшасын қайтаруы тиіс. Сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің бұрынғы басшысы Жеңіс Шинкин 9 жыл арқалады. Және мемлекетке 1 жарым млн теңгені өтеу міндеттелді.

Аракелян мен Шинкин пара алып қана қоймай, қаланы көріктендіріп, балалар алаңқайларын орнатуға бөлінген қаражатты талан-таражға салғаны үшін айыпты деп танылды. Бұл екеуі ортақ таныстары – Александр Бобровныйдың атына жалған фирма ашып, бюджет қаражатын соған аударып отырған. Осылайша 13 млн теңгені жымқыруға көмектескені үшін Бобровныйдың өзі де 7 жылға жалпы тәртіптегі колонияға тоғытылып, барлық мүлкінен айырылатын болды.

Талқылау