Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай тұрғыны ауру баласын емдету үшін танысынан 5 миллион теңге бопсалаған

Мәліметтерге сәйкес, 21 жастағы ер азамат орта ми жүйке жүйесінің дамуына зақым келген бір жасар баласын емдету үшін ақша іздеген.

4c4c4dc4226808b16078a374c9185853

Бұл туралы Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлайды.

Ол 2015 жылы 10 қараша күні жәбірленушіден 5 мион теңге беруін талап еткен. Олай етпеген жағдайда оның көлігі мен кәмілеттік жасқа толмаған немересінің көзін жоятынын айтып бопсалаған. Бұл туралы ол қағазға жазып, оны танысының көлігіне қыстырып кеткен. Хатты оқыған соң, ол құқық қорғау органдарына жүгінген.

Жедел іздестіру шара барысында күдікті 50 мың теңге алып жатқан жерінен құрықталды. Сот отырысы жақын уақытта өтеді.

Ер азамат ҚР ҚК 194 бабы, 4-бөлімі, 2 пункі бойынша қарастырылып жатыр. Айыпталушы 7-15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Талқылау