Қостанай облысының прокуроры “қызметтік міндетін атқару үшін” жұмыс уақытында бассейнге түскен (видео)

Бейсенбі, 12 Мамыр , 2016 13:29

Облыстық прокуратура аймақ прокуроры Марат Қайыбжановтың қызметтік көлігінің жұмыс уақытында фитнес-орталық маңында тұрғанына қатысты түсініктеме берді.

11_main

Сурет prokuror.kz

Облыстық прокуратураның аппарат басшысы Асхат Ибраевтың хабарлауынша бұл жерде ешқандай қызметтік этика бұзылмаған. Облыс прокуроры бассейнге жеке әуестігі үшін емес, “қызметтік міндетті атқару үшін” түсіпті.

“Жарияланған бейнежазбада облыс прокурорының “Fitnation” спорттық сауықтыру кешеніне кіргені көрінеді. Прокурордың қызметтік көлігі заңнан тысқары негізде қолданылмаған”, – дейді прокуратура.

Осылайша Қайыбжанов жүзу әрекетін қызметтік негізде жүзеге асырыпты. Ал қызметтік көлігі мектеп жанында тұр деп ақпарат шыққан Қостанай облыстық прокурорының орынбасары Болат Шелікеновтің әрекетіне ешқандай түсініктеме берілген жоқ. Лауазымды қызметкер қазіргі таңда Ресейде емдеу шараларын қабылдап жатыр екен.

Еске сала кетсек, 4 мамыр күні YouTube порталында “Прокурор области Кайбжанов Марат Жолмагамбетович на фитнесе” атауымен бейнежазба жарияланған еді. Көліктің 001 РК10 деген мемлекеттік нөмірі де айқын көрінеді. Ал оның орынбасары Болат Бейсенұлына қатысты, балалары мен әйелін мектепке қызметтік көлігімен тасиды деген бейнежазба да пайда болған. Ол жерде де мектеп жанында тұрған көліктен 002РК10 нөмірі айқын аңғарылады.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев
  • орда says:

    Барлық шенеуніктер осылай қызметтік көлігін отбасын тасымалдауға арнап қойған ғой, бұл жаңалық емес.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
15.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар