Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қостанай облысында жаңа туған сәбиін көшеге тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды

Полиция Рудный қаласында жаңа туған сәбиін жанармай құю бекетінің маңына тастап кеткен әйелдің тұлғасын анықтады.

Қостанай облысында жаңа туған сәбиін көшеге тастап кеткен әйелдің кім екені анықталды

«Рудный қаласында жаңа туған сәбидің табылуына байланысты полиция ҚР ҚК «Қауіп төндіретін жағдайда қалдыру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қазіргі уақытта сәби ауруханада жатыр. Қылмыстық құқық бұзушылыққа барған әйелдің тұлғасын анықтады», – дейді ІІД-дегілер.

Сонымен қатар ІІД-дегілер оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған шұғыл тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Естеріңізге сала кетсек, 9 қыркүйекте Рудныйда көшеден жаңа туған сәби табылды. Дәрігерлер оның жағдайы туралы айтып берді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау