Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Концерт алдында Мейрамбек бүлдіршіннің тұсауын кесіп, Қайрат аузына түкірді (видео)

Әнші Мейрамбек Беспаева атқамінердің тұсауын кесіп, Қайрат Нұртас ырымдап аузына түкірді. Әнші артынша бүлдіршіннің ата-анасына көрімдік берді.

image

Фото: instagram.com/m_besbaev/

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Республика Сарайына концертке келген тыңдармандары Мейрамбек Беспаев пен Қайрат Нұртасқа ұлдарының тұсауын кесіп беруді өтінген-ді. Сахнаға шығуға асығып тұрса да, өнер жұлдыздары тыңдармандарының өтінішін жерге тастамаған.

Мейрамбек Беспаев бүлдіршіннің тұсауын кесіп, артынша Мұқасан Шахзодаев екеуі алғашқы қадамын жасауға көмектеседі. Бұдан кейін ырымдап Қайрат Нұртас сәбидің аузына түкіріп, 200 доллар көлемінде көрімдік береді.

“Заман” тобының солистері мен басқа әншілер де ыстық тілектерін жаудырып, өздері танымайтын жастың ұлына бақыт тіледі. Бұл жаңалықты естіген тыңдармандар қазақ жігіттерінің мәрттігіне риза болып, өмірге енді ғана қадам басып жатқан сәбидің арманы жоқ екенін айтып жатыр.


Оқи отырыңыз:

Мейрамбек Беспаев “Ninety One” туралы әзіл айтып, әріптесін күлдірді

Қазақстандық жұлдыздар халықты жабайы көтерілістен сақтануға шақырды

Қайрат Нұртас: Қазақ қызы, жігіттерге алданып қалма

Талқылау