Қазақстандық жұлдыздар халықты жабайы көтерілістен сақтануға шақырды

Дүйсенбі, 25 Сәуір , 2016 16:50

Жер мәселесіне қатысты отандық танымал жұлдыздар да пікірлерін білдіріп, халықты жабайы көтерілістен сақтануға шақырды.

новый коллаж

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Күні кеше шетелдіктердің көзі түскен шұрайлы, жайылымды жерлердің әр гектары қымбат дегенде 130 мыңға, ең арзаны 3-4 мыңға сатылатыны айтылып, жұрт дүрліккен-ді. Даулы мәселеге қатысты қазақстандық жұлдыздар пікір білдіріп, жабайы көтерілістен сақтануға кеңес берді.

“Жүрегі “қазақ” деп соққан ұлтжандылармен жаныммен біргемін. Алла сақтасын, ұрпақтарымыздың өзгеге құл болғанын қаламаймын! Қазақтың жері қазақтікі! Жоғарыдағылар да жерге қарап қалмас. Отқа май құюдан да, аяқты аспанға көтеріп жатудан да аулақпын. Алла тағала бейбіт күніміз бен ұлан-ғайыр жерімізден айырмағай. Хайырлысын Алла білуші, бұл жағдай қазақтың бірлігіне сеп болғай. Әр қазақ – менің жалғызым!”,-деп жазды әнші Сәкен Майғазиев.

Жүрегі “ҚАЗАҚ” деп соққан ұлтжандылармен жаныммен біргемін. АЛЛА сақтасын, ұрпақтарымыздың өзгеге құл болғанын қаламаймын! ҚАЗАҚтың жері ҚАЗАҚтікі! Жоғарыдағылар да жерге қарап қалмас. Отқа май құюдан да, аяқты аспанға көтеріп жатудан да аулақпын. АЛЛА тағала бейбіт күніміз бен ұлан-ғайыр жерімізден айырмағай. Хайырлысын АЛЛА білуші, бұл жағдай ҚАЗАҚтың бірлігіне сеп болғай. 🇰🇿📚👨‍👩‍👧‍👦🏇☀️

Фото опубликовано Saken Maigaziyev (@saken_maigaziyev)

“Атыраулық ардақтылар, саналы түрде, өз еріктеріңізбен, жұмыла жиылып, тізе қосқандарыңызға разымын. Бейбіт шеруді бүліксіз таратқандарыңыз үшін халыққа да, халықтың қасынан табылған облыс әкіміне де Алладан сауап жазылғай. Құдай бетін аулақ қылсын, ұлт дұшпандарына да керегі осы, жағдайды ушықтырып, бірімізді бірімізге айдап салу. Өз жағамызға өзіміз жармасып, өз қаламызды өзіміз қиратқанмен өзге ел біздің жыртығымызды жамап бермейді. Осы орайда, атыраулықтардың сөзге тоқтап, сабырлық сақтағаны сіз бен бізге сабақ болды. Оқ атылуға жол бермейік, ағайын. Шеруге шыққан әрбір азаматтың қазақ үшін қымбат екенін ұғынайық. Алла тағала тәуелсіздігімізді қияметке дейін жеткізіп, қазақ халқына бірлік бергей. Біз біргеміз, қазақ елі!”, – дейді Сәкен Майғазиев.

Әріптесін әнші Роза Әлқожа да қолдады. “Кешеден бері көңіл-күпті. Алаң да алаң, алаң жұрт! Жер жалға беріледі. Сатылмайды деді. Жалға алардай ақша санаулы адамдар да ғана бар шығар?! Ел ел ағаларына елеңдеп отыр. Алайда, нақты жауап жоқ. Атыраулықтар үн қатты. Қарсылық білдіріп, оны тыңдата білу де үлкен мəдениет! Бірақ халықты жабайы көтерілістен сақтау қажет. Үнсіз де қала алмаймыз! Елмен біргеміз!” – дейді ол.

Это наша земля! Эта земля моих предков! Эта земля моих детей, и их будущих детей!

Фото опубликовано Bayan Yessentayeva (@bayanyessentayeva_)

Елімізге танымал продюсер Баян Есентаева да өз кезегінде үнсіз қалмады. “Бұл біздің жеріміз! Ол – ата-бабаларымыздан қалған мұра! Және бізден келер ұрпаққа қалатын – мирас!” – дейді продюсер.

Әнші Төреғали Төрәлі өз ойын өлең жолдары арқылы жеткізді.

Осы жер мəселесі жүректі ауыртып бітті. Халықты көтеріп ,билікке қарсы қоюдан аулақпын . Құдайым -ау, бір жағынан қай жыртықты жамай алмай жатырмыз ? Тіпті жалға да берілмесінші. Жалға берілді деген сөз …….жалға бір жылға алмайды ғой, минимум 49 жыл . Жалға алған басқа ұлт міндетті түрде көшіп келеді, содан семьясын көшіреді ,болмаса осы біздің қара көз қыздарымыздың жүрегін жаулап,үйленеді . Біздің қыздардан туылғанымен,атасы басқа ұлт қой . Солай солай бәрібір басқа елдің халқы түп тамырын жаяды .Байқоңырды жалға беріп мəз болдық па! !!?Түбегейлі орысша , орыстың тарихын дәріптейді мектепте . Теңге емес рубль жүреді. ТАҒЫ ДА АЙТАМЫН ,САТПАҚ ТҮГІЛІ ЖАЛҒА ДА БЕРІЛМЕСІНШІ !🙏🙏🙏 Алла сақтасын ! Осыған жол бермеу керек! Алла қайырлысын берсін! ДҰҒА ЖАСАЙЫҚ СОЛ ҮШІН !

Фото опубликовано Алтынай Жорабаева (@zhorabayeva)

“Осы жер мəселесі жүректі ауыртып бітті. Халықты көтеріп, билікке қарсы қоюдан аулақпын. Құдайым -ау, бір жағынан қай жыртықты жамай алмай жатырмыз? Тіпті жалға да берілмесінші. Жалға берілді деген сөз… жалға бір жылға алмайды ғой, минимум 49 жыл. Жалға алған басқа ұлт міндетті түрде көшіп келеді, содан семьясын көшіреді, болмаса осы біздің қара көз қыздарымыздың жүрегін жаулап, үйленеді. Біздің қыздардан туылғанымен, атасы басқа ұлт қой . Солай солай бәрібір басқа елдің халқы түп тамырын жаяды. Байқоңырды жалға беріп мəз болдық па!? Түбегейлі орысша, орыстың тарихын дәріптейді мектепте. Теңге емес рубль жүреді. Тағы да айтамын, сатпақ түгілі жалға да берілмесінші! Алла сақтасын!” – дейді Алтынай Жорабаева

Айналайын, атамекен ақ мекен, Қандай адам сені қиып сатты екен?! Ата-бабам қанын төккен жеріме, Қол қоюға кімнің қолы батты екен? Қандай адам өзіңді іздеп тапты екен, Жерсатқышқа топырағың жат па екен? Қадіріңді қайдан білсін, дейтіндер, Байлығымды арқама сап ап кетем. Бабам туған байтақ далам, бақ мекен, Сатқыштардың жүректері қатты екен. Топырағыңды жат қолына қимайтын, Туған өлке тәтті екен-ау, тәтті екен!!! #жер #жерсатылмасын #Отан #ТуганЖер #Казакстан #М_Б #МейрамбекБесбаев

Видео опубликовано @m_besbaev

 

Бұл жер тек қана біздікі.

Фото опубликовано Ayan Otepbergen (@otepbergen_ayan)

#Repost @bakytzhan_amirov with @repostapp. ・・・ . “САТПА ЖЕРДІ” . Төбемізден қозғадық, кең шатырды, “Жауың басты” деген сөз – жер сатылды, Панасызға жер бермей, жүр ғой сірә, Санасызға Құдайым, берші Ақылды. . Тек Қазаққа үлессе, самай дала, Таңымыз да атушы-ед, арайлана, Жантайып жатып алса Шетелдіктер, Марқайып күн көреміз, қалай ғана?! . Бұрындары Жер үшін, тұрған Ұлдар, Қазір бәрін ішу де, кіл қарындар, Құйрықтың пал ашатын, иісімен, Биліктің саясатын, ұрғаным бар. . Түсінбеді өз жерін, жақтауды елеп, Басшыларды семірткен, “мақтау” дер-ек, Жердің үстін саудалап, жүргендерім, Жер астында Қазақтың, жатпау керек. . Айырылып бәрінен, тоналдық па?Айналғаны осы ғой қоғам жұтқа?! Шетелдігің талтаңдап жүрсе егер, Өтер күнің Қазағым, бодандықта. . Бар болғандай Шетелге, берешегі, Жерің кетсе қандай Ұл, Ер өседі?! Бақырайған көздері, Қазағымның, “Сығырайды” деген сөз, келешегі. . Оян, Қазақ! . © #БакытжанАмиров

Фото опубликовано 💜💜Moldir Yessirkepkyzy💜💜 (@moldir.auyelbekova)

Жер сатылмасын деген жұлдыздардың қатарында Мейрамбек Беспаев пен Айгүл Иманбаева, Мөлдір Әуелбекова, актер Аян Өтепберген де бар.

 

“Ата-бабаларымыздың ерлігімен, xалықтың пайдасына шешілген әділ шешімдері арқасында сақталған байтақ жеріміз бұл жолы да қорғалады деген үміт бар… Ол ер азаматтардың қолында. Қорғаушы, шешім шығарушы азаматтарға сенім артамыз. Ал,біздер-әйелдер… Біз елдің амандағын дұғамызда тілеп, Алладан ғана сұраймыз. Елге сабыр, тыныш заман, бақытты өмір тіледім!” – деп әнші Ерке Есмахан да қалауымен бөлісті. 

Әзірге жер мәселесінің нақты қалай шешілетіні бегісіз. Десе де, қарсылық танытушылардың дені күн санап өсіп келеді.


Оқи отырыңыз:

Тілеухан: Жеріміз шетелдіктерге ешқашан сатылмайды

Қазақстанда жаппай сатылымға шығарылатын жердің құны белгілі болды

Жер саудасына қатысты дауға Мамытбеков араласты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

25
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
18.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар