Қайрат Нұртас: Қазақ қызы, жігіттерге алданып қалма

Сәрсенбі, 4 Мамыр , 2016 9:19

Жақын күндердің бірінде туған бөлесін ұзатқан Қайрат Нұртас өзінің шығармашылығын да ұмыт қалдырмаған. Фильм түсіруді қолға алып, тыңдармандары сүйіп тыңдайтын әнге бейнебаян түсіріп жатыр.

1

Фото: vipsound.kz

Көптен бері бейнебаян түсірмей кеткенін әншінің өзі де мойындайды. Мұны уақытының көп бола бермейтіндігімен түсіндірді. Бұдан өзге қай әнге түсіретінін таңдай алмай ұзақ жүрген-ді.

“Байқа әні көп адамға ұнайды. Сол себепті осы әнге бейнебаян түсіруді жөн көрдік. Барлығы классикалық киімде болады. Бетперде тағып, адамдар бір-бірін таппай жүреді. Байқаның сөздерін өздеріңіз де жақсы білесіздер. Байқа, алдап жүрмесін сені. Ниеті мен жүрегі таза жігіттерге қара. Алданып қалма деп қазақ қыздарына айтатын ағалық ақылым бар”, – дейді Қайрат Нұртас “Ел аузында” бағдарламасына берген сұхбатында.

Әнші өзінің өмірі туралы тағы да бір фильм түсірмек. “Мен камераны онша жақтырмаймын. Бейнебаянға, киноға түскенді өзім қаламаймын. Жақын арада кино түсіреміз. Екі ай бойы қалай шыдайтынымды білмеймін”, – дейді әнші.

Түсірілім жұмыстары аяқталған соң Қайрат Петропавл, Екібастұз, Жаңаөзен сынды қалаларға гастрөлдік сапармен барып, тыңдармандарын қуантпақ.


Оқи отырыңыз:

Тыңдармандары Қайрат Нұртастың әкесі қырғыз екенін айтып жатыр

Қайрат Нұртас Шымкентте Нюшамен қосылып ән айтты (видео)

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
25.11.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар