Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Колледжде жарылыс жасаған жасөспірім сүйіктісіне романтикалық жазба қалдырған

Керчь қаласында жарылыстар жасады деп күдіктелетін жасөспірім әлеуметтік желіде қызға жазба қалдырған. Бұл туралы Telegram-канал 112 хабарлайды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

18 жастағы Владислав Росляков ақ жиде киген сары шашты қыздың суретін жүктеп, “Сүйемін сені, күнім” деп жазған. Сондай-ақ, студенттің анасымен бірге тұрғаны анықталды. Анасы Керчь қаласындағы онкологиялық диспансердің қызметкері. Ол өз ұлының іс-әрекеттеріне жауап бере алмай отыр. Владислав Росляковтың әкесі мен анасы бұрын ажырасып кеткен. Қазіргі уақытта олардың үйінде тергеу жұмыстары жүргізілуде.

FlashCrimea агенттігі Twitter желісіндегі парақшасында орын алған оқиғаның романтикалық себебін жариялады. Басылымның мәліметінше, жігіт жауапсыз махаббаттан қиналған, сүйіктісін өлтіру үшін оны колледжден іздеген. Сонымен қатар Росляковқа бір ай бұрын 12 калибрлық қаруға иелік етуге рұқсат берілген. Бірнеше апта бұрын ол қаруға арналған 150 оққа қол жеткізді.

Ресейдің Тергеу комитеті осы жағдайға қатысты үш баб бойынша қылмыстық іс қозғады. Бастапқыда “Теракт” (205 РФ ҚК) бабымен қозғалған іс кейін “Екі және оданда көп адамды көпшілікке қауіпті тәсілмен өлтіру” (РФ ҚК 105, 2 бөлімі) бабына ауыстырылды.

Талқылау