Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Көк базар», «Артем», «Есентай Молл»: Астана мен Алматыдағы қауіпті базарлар мен сауда орталықтарының толық тізімі белгілі болды

ТЖК Астана мен Алматыдағы базарлар мен сауда орталықтарындағы өрт қауіпсіздігін тексергеннен кейін, олардың бірқатарын сотқа берді, деп хабарлайды ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

 «Көк базар»,  «Артем», «Есентай Молл»: Астана мен Алматыдағы қауіпсіз базарлар мен сауда орталықтарының толық тізімі белгілі болды

Алматыдағы «Көк базарға» қорытынды тексеру жұмыстары қайта жүргізілгеннен кейін де, базардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылықтар түзелмеген. ТЖК мәліметінше, базарда автоматты өрт сигнализациясы жоқ, эвакуациялық жолдар мен есіктерге өту қиын, сондай-ақ, баспалдақтар астында сауда дүңгіршектері орналасқан.

Өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамаған сауда орталықтарының қатарында «Есентай Молл да бар». Оның элеваторлық бөлмесінен жанғыш заттар қоймасы табылған.

Ал Астанада «Астаналық әмбебап базарға» (бұрынғы «Артем») қатысты материалдар сотқа берілді. Тексеріс барысында ғимарат автоматты өрт сөндіру жүйесімен толығымен қамтамасыз етілмегені анықталды.

Алматыдағы іс материалдары сотқа жіберліген сауда нысандары:

  • “Арзан” СҮ
  • “Домиллион” СҮ
  • “Алматы килем” СҮ
  • “Фэшн Ритейл” СҮ
  • “Азия Парк” (Прайм плаза) СҮ
  • “Москва” СОСО
  • “Мамыр” СҮ
  • “Орбита” СО
  • “Строймарт” СҮ
  • “Есентай Молл” СОСО
  • “Рахат” базары
  • “Юпитер” базары
  • “Барыс” базары
  • “Олжа” базары
  • “Аман авто” СҮ
  • “Белес” СО
  • “Максима” СОСК
  • “Сауда орталығы” ГУМ
  • “Көк базар” базары
  • “Алма” СО
  • “Мега Тау” СО
  • “Туркестан” СҮ
  • “Жибек Жолы” СО
  • “Барлық сауда” базары

Астанадағы іс материалдары сотқа жіберліген сауда нысандары:

  • “Астаналық әмбебап базар” жабық базары
  • “Аружан” СОСО
  • “Жастар” СҮ
  • “Автогранд” СҮ
  • “Ұлжан” базары
  • Сауда дүкені
  • “Совл” ЖШС
  • “Сарыарқа” базары
  • «EURASIAN TRADING GROUP» ЖШС

ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 462-бабы 3-бөлімі (заңды талаптарды немесе нұсқамаларды, ұсынуларды, қаулыларды орындамау) бойынша әкімшілік материалдар қозғалды.

Сауда нысандарына 100-500 аралығындағы АЕК көлемінде айыппұл салынуы немесе жұмысы 3 айға дейін тоқтатылуы мүмкін.

«Сауда нысанының жұмысын тоқтату қолданылмауы да мүмкін. Бұл сот төрағасының шешіміне байланысты болады», – дейді ТЖК-дегілер.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау