Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қыз бала 12-қабаттан құлап аман қалды

Үндістанның Гуджарат штатында 13 жастағы қыз 12-қабаттан құлап аман қалды. 

Оқиға 13 сәуір күні болды. Бірақ бүгін ғана мәлім болып отыр. Хетал Сароли көшеде кетіп бара жатқандарды көру үшін балконның жақтауына шығады. Ол тепе-теңдікті ұстай алмай құлап кетеді. Жасөспірім велосипед қоюға арналған сарайдың шатырына құлап түскен. 

Куәгерлер жедел жәрдем шақырып, қызды ауруханаға жеткізді. Қолы мен кеудесі сынып, іш-құрылысы, аяғы жарақаттанғанына қарамастан дәрігерлер оны аман алып қалды. Оның жүрегі, миы, бүйрегі мен бауырына зақым келмеген. 

Жеткіншек әлі де интенсивті ем қабылдап жатыр. Жағдайы тұрақты. Алдағы уақытта бірнеше ота жасатады. 

Талқылау