Ким Чен Ынның күлкілі кейіптегі суреттері пайда болды (фото)
КХДР көшбасшысы Ким Чен Ынның еш өңделмеген суреттері интернет-қолданушыларын шабыттандырып, түрлі нұсқалары пайда болып шыға келді.
Бұл туралы lenta.ru хабарлайды.
Мамыр айында интернетте пайда болған Солтүстік Корея басшысының суретінен соң, оған әртүрлі жекелеген деталь қосып, Photoshop арқылы саясаткердің сырт келбетін өзгерткен түрлі күлкілі суреттер жарық көрді.
Өзгерген суреттер әуелі Твиттер желісінде, сосын Reddit, Imgur және Bored Panda порталдарына шыққан.
Өңдеуден соң Солтүстік Корея көшбасшысы АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трампты, мультфильм кейіпкерлерін және басқа да танымал адамдарды еске түсіреді.
2016 жылдың наурыз айындағы дерек бойынша КХДР басшысы әлемдегі ең ықпалды жас саясаткерлердің көшін бастады.
Тізімдегі 2-ші және 3-ші орындарды Фейсбук компаниясының негізін салған Марк Цукерберг пен 22 жастағы әнші Джастин Бибер еншілеген.
Талқылау