Алматыда төсін үлкейтуге құмар әйелдер саны күрт көбейген

Сенбі, 16 Шілде , 2016 14:52

Алматылық пластикалық хирург Алексей Сутайкин қазақстандықтар жиі жасататын операциялар рейтингін түзіп шығыпты. Оның сөзінше, әйелдер жағы үшінші өлшемді төсті дұрыс көрсе, ерлер жағы қалқан құлақтарымен әуреге түседі екен.

0ad6c62f2a50101b67a07a6f601ed348

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Рейтингтің бірінші орынында блефаропластика тұр: көз бен қабақты жөндеу. Бұл процедураның құны 135 мың теңгені құраған. Алексей Сутайкиннің сөзінше, операция жасататын әйелдердің 90 пайызы әртүрлі жастағылар екен. Ал ең жас клиентінің жасы 17-де екен. Одан кейінгі орында төсті үлкейту операциясы тұр. Мұндай операцияның құны – бір миллионға жуық. Әдетте қазақстандықтар үшінші өлшемге тапсырыс береді екен.

“Төсті үлкейту операциясы 18 жастан бастап жасалады. Импланттар әйелдің сәбиді тамақтандыруына кедергі келтірмейді. Дұрысы екі-үш баланы тумай тұрып, жасатып алса жөн болады. Бірақ, оның кейінгі асқыну салдары мүмкін екендігін де жасырмай ескертемін. Адам организмі кез-келген өзгеріске әртүрлі әсер беретіндіктен, барлық хирургтар 100 пайыздық кепілдік бере алмайды. Сәтсіз операциялар болады, бірақ олар өте аз, шамамен барлық отаның 0,1 пайызы ғана.

Хирург ретінде ол жасанды төске жақсы қарайды. Егер өзіңде табиғи болмаса, неге жасатпасқа дейді ол. Тіпті керек десе, өз қызының да сондай қадамға баруына қарсы емес.

aac8fbea9c0732e9d97af6d5f623eb28

“Егер ол қалап, жасатамын десе неге қарсы болуым керек? Жалпы, үштен бесінші өлшемге дейін төсін ұлғайтамын дейтін қыздарға түсіністікпен қараймын. Ал бірақ, 7 және 9-шы өлшемге түбегейлі қарсымын. Өйткені, ол әйел организмі үшін өте тәуекелге толы қиын жағдайға соқтыруы мүмкін.

Бір қызығы, төсін үлкейткісі келетіндер, тек әйелдер емес екен. Ер адамдар да осындай өтінішпен келетін көрінеді. Олар көбінесе секс-азшылық өкілдері болып шықты. Сутайкин жылына ер адамдарға 2-3 операция жасап тұрады.

Рейтингтің үшінші сатысында отопластика. Бұл отаға 150 мың теңге шығын жұмсалады. Құлақтарын кішірейту бойынша, бір қызығы ер адамдар көш бастап тұр екен. Төртінші орында – липосакция (құны 500 мың теңге). Яғни, арнайы ота арқылы адамның бойындағы артық майларды алып тастайды. Соңғы 5-ші орында бетке ота жасату (құны 500-700 мың теңге).

Ал қатты танымал емес операция лигаментотомия, яғни, еркек жыныс мүшесін үлкейту үшін жасалатын ота екен. Мұндай өтінішпен хирургқа жылына жиырма шақты адам келеді. Бірақ, ота жасалу кезінде небәрі 1-3 см ғана ұзындық қосылады.

Жалпы, Ресейде пластикалық операциялар құны Қазақстанға қарағанда 30-40 пайызға қымбат. Ал АҚШ пен Оңтүстік Кореяда баға тіпті ғарыштық деңгейде. Мәселен, төсті үлкейту үшін 15 мың доллар жұмсауға мәжбүр. Ал Қырғызстанда бізге қарағанда салыстырмалы түрде арзан.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
14.12.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар