Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хильберто Рамирес: Головкин мықты болса, белбеуімді тартып алсын

Артур Абрахаммен қолғап түйістіріп, WBO тұжырымы бойынша екінші орта салмақта әлем чемпионы атағын жеңіп алған мексикалық Хильберто Рамирес Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін мәлімдеді.

ыыы

Сурет bookmakersrating.ru

Бұл туралы vesti.kz хабарлайды.

“Кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайынмын. Менің чемпиондық титулым бар, кім болса да, оны менен тартып алып көрсін”, – деді Хильберто.

Хильберто кәсіпқой бокста 34 кездесу өткізіп, барлығында да жеңіске жете алған тегеурінді Мексикалық боксшы. 34 кездесуінің 24-ін нокаутпен аяқтаған. Қазіргі кезде WBO тұжырымы бойыншы чемпиондық белбеудің иегері.

Ол WBS тұжырымында 2-ші, WBA тұжырымында 3-ші орында тұр.

Талқылау