Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Хайп” қуғанға дейін жап-жақсы топ еді: Айсәуле Бақытбек “Меломен” тобын сынға алды

Айсәуле Бақытбектің пікірінше, “Меломен” тобында өзгеріс орын алғаннан кейін, онда өнер көрсететін жігіттердің өмірлік ұстанымы өзгерген. Айтуынша, бұрындары сырлы да мағыналы әндерімен халықтың жүрегінен орын алған топ бүгінде әр нәрседен “хайп” жасауға кіріскен, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

"Хайп" қуғанға дейін жап-жақсы топ еді: Айсәуле Бақытбек "Меломен" тобын сынға алды

“Қазір “Меломен” тобының әнін тыңдап келе жатырмын, сондай әдемі ән. Осы уақытқа дейін бұл топта бәрі жақсы болып еді. Тек бүгінгі күйге жеткенге дейін…

Бұдан шығатын қорытынды, продюсерден кетпеңіздер! Кейін түкке тұрмайтын нәрседен “хайп” жасауға мәжбүр боласыздар”, – дейді Айсәуле.

Бойжеткен бұл сөзімен “Меломенді” Жан Ахмадиевті қолдап, Байзақова сынды қыздарды сабауға кеңес бергені үшін сынға алған ұқсайды.

Еске сала кетейік, әнші Жігер Ауыпбаев та экс-топтастарын мұндай әрекетке “хайп” үшін барған деп айыптаған еді.

Қазақстандық жұлдыздардың өмірі жайлы t.me/kzshow арнамыздан оқыңыздар.

Талқылау