Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кешбэкті және жеңілдік карталарын қолдануға бола ма: ҚМДБ жауап берді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы зат сатып алу кезінде кэшбек пен дисконттық қарталарды қолдануға қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Кешбэк жүйесінде карта иесі белгілі бір дүкеннен тауарды сатып алған жағдайда банк клиенттің шотына белгілі бір пайызды қайтарады. Ал сатушы банк арқылы тауарын сатқаны үшін банкке белгілі бір комиссия төлейді. 

ҚМДБ мәліметінше, кешбэктің үкімі дебеттік, кредиттік және бонустық төлем карталардың түрлеріне байланысты әрқалай болады. 

“Дебеттік карта – клиенттің банк шотындағы ақша сомасы шегінде төлемді немесе ақша аударымын жасауға мүмкіндік беретін төлем картасы. Кредиттік карта – банк пен клиент арасында жасалған банктік қарыз шартының талаптарымен төлемдерді, ақша аударымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем картасы. Бонустық карталар – бонус жинақтауға мүмкіндік беретін арнайы карта”, – делінген хабарламада. 

КМДБ мәліметінше, дебеттік картаны әрі ол арқылы түскен кешбэкті қолдануға рұқсат етіледі.


"Талақ" пен "ажырасамын" сөзі бір мағынаны білдіре ме – ҚМДБ жауабы


“Ал кредиттік картаны және одан түсетін кэшбэкті қолдануға тыйым салынады. Тек аса қажет жағдайда қарызды пайызсыз алып, уақытында төлеуге сенімді болса ғана қолдануға рұқсат. Алайда одан түскен кешбэкті қайырымдылыққа жұмсауы керек.

Бонустық картадан түскен сыйақыны мына шарттар негізінде пайдалануға болады: төлем карталары шариғат талаптарына сай болуы және берілген бонусты шариғатта тыйым салынбаған нәрсеге жұмсауы, бонустың есесіне клиенттен комиссия алынбауы; бонусты сый ретінде беруі; бонус себепті тауарды қымбатқа сатпауға тиіс”, – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар ғұламалар кеңесінің шешімінде дисконттық карталар туралы да айтылған. Дисконттық (жеңілдік) карта – бұл сауда орталықтары, туристік фирмалар және тағы басқа жеңілдіктерді ұсынатын карта. Бұл карта ақылы және тегін болуы мүмкін. 

“Дисконттық карта тегін берілсе, оны пайдаланудың оқасы жоқ”, – делінген ҚМДБ үкімінде. 

Талқылау