Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кентал ағылшынша сөйлеп, жұртты күлкіге қарық қылды (видео)

Әнші Кентал режиссер Асқар Бисембиннің “Nayryz.kz” фильміне түсіп жатыр. Түсірілім алаңында ол ағылшынша сөйлеп, халықты ду күлкіге қалдырды.

LgI9cG7-DCI
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

«Түсірілім алаңында ағылшын тілінде сөйлейтін мен ғана емес екенмін», – деп жазған әнші түсірілім тобына ағылшын тілінде әртүрлі сұрақтар қойып, жауап алуға тырысты. Алайда Кенталдың сұрағын қатысушылар да, оның желідегі оқырмандары да түсіне алмады.

Кентал жауап алған жандардың ішінде театр және кино актрисасы Жанаргүл Жанаманова, танымал сазгер Марат Омаров та бар. Жанаргүл де Кенталдың сұрағын түсінбеген сияқты, ал Марат Омаров ағамыз Кенталға ағылшынша жауап берді.

Желі қолданушылары Кенталдың сөзін түсінбегенін айтты.

Ақмарал есімді желі қолданушысы: «Талғат, мына видеоны 10 ре қайталап көрдім. Маған соңғы нұсқасы ұнады. Күлкіге қарық болдым. You English is very good.Күлдіре алатын бір керемет жансыз ғой ризамын сізге!» – деп жазса, Гаухар есімді оқырман: «Мен де сіздің тіліңізді түсіну үшін мына видеоны 10 рет қайталап көрдім. Декрет уақытында ағылшын тілін ұмытып қалған шығармын деп те ойладым. Ағылшынша керемет өзіңізге тым сенімді сөйлейді екенсіз», – деп пікір білдірген.

Жіберіп алмаңыз:

Ажырасып кеткен отбасы Кенталдың әнінен кейін қайта табысқалы жатыр

Санда әріптесі Кенталға тұрмысқа шыққалы жатыр (фото)

Әріптестері Кентал мен Санданың жаңа бейнебаянын әжуалады (видео)

Басты рөлді Дұғалова сомдайтын фильмнің түсірілімі басталды

 

 

Талқылау