Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Санда әріптесі Кенталға тұрмысқа шыққалы жатыр (фото)

Бірер күн бұрын Санда әлеуметтік желідегі парақшасына той көйлегін киіп түскен суретін салды. Желі қолданушылары оны құттықтап, бірден әріптесі Кенталмен қосты. Десе де, бойжеткеннің өзі жігіттің есімін жасырып отыр. Мұнымен қатар, бұл кезекті жарнама болып шығуы да әбден мүмкін.

image

Фото: instagram.com/sanda_singer/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші отандық салондардың бірінен той көйлегін таңдап жүр. Мұнымен қатар, бойжеткен шылдыр шүмегіне таққан сақинасын көрсетті. Неке жүзігі болмаса да, қымбат бұйым екені байқалады.

Әдетте жұрт Санданы әріптесі Кенталға қосады. Екеуі шараларда қызыл кілемнің үстінен бірге жүріп өтіп, үнемі құшақтасып суретке түседі. Мұнымен қатар, жуырда махаббат тақырыбына арналған бейнебаяндарын шығарды. Десе де, Санданың өзі әзірге жігіттің есімін құпия қалдыруды жөн көрді. Бұл жәй ғана той көйлегіне жасалып жатқан жарнама болуы да ғажап емес.

0

“Мен дайынмын! Бірақ бірнәрсе жетіспейтін сияқты. Күйеу жігіт жетіспейді. Жуырда болады”, – деп жазады Санда. “Барлығы шынайы әрі тез болсын. Махаббатыңызды табуыңызға тілектеспін”, “Осындай әдемі көйлек киюді Алла нәсіп етсін”, “Расымен, Кенталға шығайын деп жатырсың ба?”, “Кентал мықты азамат. Өзіне сенімді жігіттердің бірі”, “Екеуі расымен үйленетін болды ма”, “Тү, осы адамдар қызық. Бұл жәй ғана жарнамаға ғой. Сендерге не болды?!” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Санда тыңдармандарына ұнамай қалған бейнебаянын 150 долларға түсіргенін

Санданың Батумиде түсірген бейнебаяны тыңдармандарына ұнамай қалды (видео)

Санда кезекті бейнебаянын Батуми қаласында түсіріп жатыр (фото)

Тұрмысқа шыққалы жүрген Санда құрбыларымен “қоштасты” (видео)

Талқылау