Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Санданың Батумиде түсірген бейнебаяны тыңдармандарына ұнамай қалды (видео)

Осы күнде өзіндік тыңдармандарын қалыптастырып үлгерген әнші Санданың Батуми қаласында түсірген кезекті бейнебаяны жарық көрді. Бұл туындыны көргендер өзіндік бағасын берді. Көпшілік ән мен бейнебаянның ұйқаспайтынын тілге тиек етіп жатыр.

image

Фото: instagram.com/sanda_singer/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Күні кеше әнші Санданың Грузия еліне продюсерімен бірге барып, “Өмір бақыт” атты әнге бейнебаян түсіріп жатқанын хабарлаған болатынбыз. Енді міне аталған бейнебаян да дайын болып үлгерген екен.

Аталған әннің музыкасын Ринат Гайсин, ал мәтінін танымал ақын Асылбеков жазған.

Түсірілім жұмыстары барысында Грузия елінің тұрғындары әншіні Моника Белуччиге ұқсатқан болатын. Ол өзіне бұл теңеудің ұнағанын еш жасырмайды.

Ал тыңдармандарына бейнебаян ұнамай қалған сынды. Себебі, кей желі қолданушысы әншіден енді бейнебаян түсірмей-ақ қоюды сұраған.  “Бейнебаян жақсы түсірілген. Бірақ сіздің даусыңызға сай келетін ән емес. Құдды даусы жоқ әншідей болып тұрсыз” деген сынды пікір айтқан. Десе де, арасында жылы лебіз білдірген жандар да жоқ емес.


Оқи отырыңыз:

Санда кезекті бейнебаянын Батуми қаласында түсіріп жатыр (фото)

“Renzo” тобы алғашқы бейнебаяндарының тұсауын кесті (видео)

Қайрат Нұртас “Байқа” атты бейнебаянының тұсауын кесті (видео)

Асхат Тарғынов жаңа бейнебаянымен жұртты таңқалдырды (видео)

Талқылау