Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Санда тыңдармандарына ұнамай қалған бейнебаянын 150 долларға түсіргенін

Өзіндік тыңдармандары бар әнші Санда “Өмір бақыт” атты әнді екі жыл бұрын жаздырған. Аталған әнге бейнебаянды шетелде түсіргісі келгендіктен, түсірілім жұмыстары кейінге қалдырылған екен. Бейнебаянның басты идеясы – ән айтып, саяхаттап, мөлдір ауамен тыныстауға мүмкіндік бергені үшін өмірге алғыс айту.

image

Фото: instagram.com/sanda_singer/

Бұл туралы “Гәкку” арнасы хабарлайды.

Продюсер Эрик Тастамбековтың сөзіне сенсек, түсірілім жұмыстарына 4 күн уақыт кеткен. Аз күн ішінде түсірілсе де, ешбір асығыстық болмағанын айтады.

“Бейнебаянды Elite Studio жігіттері түсірді. Видеоға барлығы 150 доллар кетті. Біздің достарымыз Батумиге баруға ұсыныс жасады. Біз бас тартып жатпадық. Ауыз толтырып айтатындай қиындықтар болмады.

Тек Санданың кабриолет айдап келе жатқанын түсіретін кезде квадрокоптер көтерілмей қалды. Бұл жақын маңда әуежайдың орналасқанымен байланысты болса керек”, – дейді Эрик Тастамбеков.

“Өмір бақыт” әнінің сөзін Әбдрахман Асылбек, ал әуенін Ринат Гайсин жазған екен.  Аталған бейнебаян тыңдармандарының көп бөлігіне ұнамай қалған болатын. Олар тіпті тизерінің көңілден шықпағанын тілге тиек еткен.


Жіберіп алмаңыз:

Санданың Батумиде түсірген бейнебаяны тыңдармандарына ұнамай қалды (видео)

Санда кезекті бейнебаянын Батуми қаласында түсіріп жатыр (фото)

Тыңдармандар Айдана Меденованың жаңа бейнебаянына оң бағасын берді

Мөлдір Әуелбекова кезекті бейнебаянын сүйіктісіне арнады

Талқылау