Ажырасып кеткен отбасы Кенталдың әнінен кейін қайта табысқалы жатыр

Дүйсенбі, 22 Тамыз , 2016 11:44

Жолдасымен ажырасып кеткен бойжеткен онымен қайта татуласқысы келіп жүргенін айтты. Оған Кентал мен Санданың “Кешір, қатты өкінемін” атты әні ой салса керек.

14072905_684470865048681_1156373772_n

Фото: instagram.com/kentalkz/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жуырда Кентал мен Санда “Кешір, қатты өкінемін” атты әнге түсірілген бейнебаяндарын ұсынған болатын. Аталған әнге тыңдармандары оң бағасын беріп, әріптестері әжуалап та үлгерген-ді. Енді міне бейтаныс бойжеткен ажырасып кеткен жолдасымен қайта татуласқысы келіп жүргенін айтып жатыр.

“Талғат, мен сені бұрыннан бері бақылап жүрмін. Әндерің керемет, бірақ соңғы туындың бәрінен күшті. Жолдасыммен ажырасып кеткен болатынмын. Мына бейнебаян маған көп ой салды. Енді онымен қайта татуласқым келіп жүр. Көкірекке ойланарлық ой салып, жан мен жүректі қарып өтер әнің үшін көп рахмет! Алла нығметін аямасын!” – дейді әншінің тыңдарманы.

0

Өзге желі қолданушылары да бұл бойжеткеннің сөзін қоштай түсті. “Бұл, расымен де, сенің репертуарыңдағы үздік ән”, “Расымен де, ой салады. Ал бейнебаяны тіпті керемет!”, “Ажырасқандардың өлеңі болды-ау шамасы”, “Менің досыма ұнайды. Ал мен үшін Перизат хит болып қалмақ” дейді желі қолданушылары.


Жіберіп алмаңыз:

Құран үйреніп жүрген Кентал тәкаппар адамдарды жек көретінін айтты

Кентал өзіне әлеуметтік желі арқылы қалыңдық іздеп жүр

Кентал артық салмақтан арылу үшін дәрінің көмегіне жүгінді

Әнші Кентал мұрнына пластикалық ота жасатты

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
23.03.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар