Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Кентал мұрнына пластикалық ота жасатты

Соңғы күндері екіұшты жазбаларымен тыңдармандарын біресе қуантып, біресе мұңайтып жүрген әнші мұрнына пластикалық ота жасатқанын айтты.

OeF7xV8SzXgj6lKuFjoZ33Fbbe6Z3o-620x414

Фото: yvision.kz

Бұл туралы Stan.kz сайты хабарлайды.

Өзін сан қырынан танытқанды ұнататын Кентал қазақстандық бойжеткендерге түрлі ұсыныс тастап жүр. Бірде кез келген тыңдарманымен сүйісуге әзір екенін айтса, енді бірде “Мына қазақтың өзіңмен бірге оянғанын қаласаң, 2030 нөміріне “қанағаттандырылмағандықтарыңыздан” деген мәтіні бар смс жолдаңыз” деген. Бұдан өзге әнші жақын күндердің бірінде мұрнына ота жасатқанын айтты.

“Жақында картопқа ұқсаған мұрныма пластикалық ота жасаттым. Енді ол қуырылған картопқа ұқсайды. Медициналық орталыққа рахмет! Әйтпесе өз орталығымды таппай жүре беретін едім”, – дейді Талғат Кенжебұлатов.

1

Тыңдармандарының бірі ер азаматқа косметикалық отаның қажеті жоқ екенін айтса, екіншілері мұны қалжыңға балады. Әзірге шындық тек Кенталдың өзіне аян.


Оқи отырыңыз:

Әнші Кентал халық арасынан жылауық қыз іздеп жүр

Кентал артық салмақтан арылу үшін дәрінің көмегіне жүгінді

 

Талқылау