Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кентал өзіне әлеуметтік желі арқылы қалыңдық іздеп жүр

Кентал өзіне қалыңдықты әлеуметтік желілер арқылы іздеуге кірісті. Көпшілік әншінің бұл әрекетін қалжыңға балады.

image

Фото: instagram.com/kentalkz/

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Әнші Кентал өзінің бұрынғы әдетіне басты. Ол әдеттегідей әлеуметтік желідегі парақшасына ерекше хабарланбдыру жүктеді. Бұрын-соңды қазақтың санын көбейтуге ұсыныс жасайтын әнші бұл жолы өзіне қалыңдық іздеді.

“Міне, менің уақытым да келді. Қалай екенін білмеймін, бірақ мен өзімді күтіп тұрған дүниелердің барлығына дайынмын. Маған тұрмысқа шыққың келе ме? Олай болса “Қазақтардың санын көбейтейік” деген мәтінмен 2030 нөміріне смс-хат жолда”, – дейді әнші.

Бірі мұны шын көріп, әлдеқашан смс-хат жібергенін айтса, енді бірі мұны қалжыңға балады. Кенталдың әзілқойлығын құрметтейтіндіктерін жеткізді.

“Кентал, ең бастысы, жүрегіңе жақын жанды тап. Қалғанының барлығы бос дүние” деп ақ тілектерін жаудырғандар да болды арасында.

Осы уақытқа дейін Кенталдың Кәмшат Жолдыбаеваға тұрмысқа шығу туралы ұсыныс жасап, артынша беті қайтып қалғаны белгілі болған еді. Десе де, қос әнші де мұны жұрт алдында қалжыңға балаған болатын.


Жіберіп алмаңыз:

Кентал бір ғана тыңдарманына ән шырқап, билеп концерт қойып берді (фото, видео)

Әнші Кентал халық арасынан жылауық қыз іздеп жүр

Кентал артық салмақтан арылу үшін дәрінің көмегіне жүгінді

Әнші Кентал мұрнына пластикалық ота жасатты

Талқылау